8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Сәуір 2021 1370 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМНАН І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумында  жалпы командалық есепте Батыс Қазақстан облысы І орынға ие болды.

Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту ма0сатындағы форум «Осындай мамандық бар» (Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтардың балалар компьютерлік презентациялар байқауы;), «Мамандықты таңдайтын уақыт» (видеовлогтар байқауы), «Мен – мамандықтар әлемінде» (әдеби байқау), «Мамандық кеше, бүгін, ертең» (вайндар байқауы) сынды номинациялары бойынша өткізілді.

 

«Осындай мамандық бар» номинациясы бойынша  Әдемі Ғаділбек (облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы), Жанар Мұратова (облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы) І орын иеленсе,  «Мамандықты таңдайтын уақыт» номинациясы бойынша Зарина Ахетова  (Теректі ауданы Шаған ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы) І орын, «Мен – мамандықтар әлемінде» номинациясы бойынша Вероника Бердник  (Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №5 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы),  «Мамандық кеше, бүгін, ертең» номинациясы бойынша Дамиля Зейнолла (Жәнібек ауданы Е.Ниетқалиев атындағы ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы), Ильнара Салимгереева Облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы ІІ орын иеленді.

Республикалық кезеңнің жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
18 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
72 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
267 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»