8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қыркүйек 2019 1665 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОНДУДАЕВТАР «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫМЕН» БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен Батыс Қазақстан облысында алғашқы көпбалалы отбасы баспаналы болды.  Бүгін Замир-Нұргүл Кондудаевтар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің облысымыздағы филиалында келісімшарттарын рәсімдеді.

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Атамекен ауылындағы Кондудаевтар отбасы алты бала тәрбиелеп отыр. Олардың бесеуі – кәмелетке толмағандар. Ерлі-зайыпты Замир мен Нұргүл осыдан бес жыл бұрын, 2014 жылы жергілікті атқарушы органға тұрғын үй кезегіне тұрған. Бұған дейін өз беттерімен облыс орталығынан үй алуға талпынғандарымен реті болмапты. Ал осы жылы іске қосылған «Бақытты отбасы» олардың көптен күткен армандарының орындалуына мүмкіндік берді.

Алты балалы Кондудаевтар ауылда аналарының қолында тұрады екен. Отағасы Замир жергілікті мәдениет үйінде қызмет етеді. Отанасы – Нұргүл үй шаруасында. Замирдің айтуынша, олар осыдан 21 жыл бұрын отбасын құрған. Үлкен ұлдары Алмат қазір Мәскеуде қызметте. Ал одан кейінгі қыздары Гүлсая 11-сыныпта оқиды. Әмірхан мен Дарханы да мектеп жасында. Нұрсая атты қыздары биыл даярлық сыныпқа барған. Үйдің кежесі Рамазан – бір жаста.

–  Бағдарламаға қатысу туралы шілде айының 17-сінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары хабарлады. Сол сәттен бастап үй таңдап, құжаттарын рәсімдеуге кірістік. Бағдарламаның талаптары бізге қолайлы болды. Бұған дейін салған жинағымызды алғашқы төлемге салып, екі пайыздық мөлшерлемемен үш бөлмелі пәтерге қол жеткіздік, – дейді алты баланың әкесі Замир.

«Бақытты отбасымен» баспаналы болған жанұяны Орал қаласы әкімінің орынбасары Бекжан Тоғжанов пен  Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалының әкімшілігі құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті. Көпбалалы ана Нұргүл Кондудаева «Бақытты отбасы» бағдарламасына бастамашы болған Елбасына және құжаттарын рәсімдеуге көмектескен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» БҚО филиалының менеджері Кеңес Төлегеновке, заңгер Айнагүл Садырғалиқызына көпшілік алдында алғысын білдірді.

Балалардың әжесі, Замирдің анасы Мағрипа Қалмақбайқызы да 10 баланы дүниеге әкелген батыр ана. Ол да бүгінгі қуанышты сәтте перзенттерінің жанынан табылды. 83 жастағы кейуана елімізде қоныстойлардың көп болуын тілеп, ақ батасын берді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі БҚО филиалы директорының міндетін атқарушы Нұржан Қалишановтың айтуынша, биыл республика бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд. теңге бөлінген. Бүгінге дейін 4831 өтінім қабылданып, 2382-сі мақұлданған. Ал біздің облыс бойынша 112 несиелік өтінім қабылданып, оның 52-сі мақұлданған.

Айта кету керек, «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына  көпбалалы, жалғызбасты және мүгедек баласын бағып отырған тұрғын үйге мұқтаждар ретінде жергілікті атқарушы органда үй кезегінде тұрған отбасылар қатыса алады. Несиенің жылдық мөлшері небәрі 2 пайыз. Батыс Қазақстан облысы бойынша 10 миллион теңгеге дейін несие алуға болады. Биылғы жылы бағдарламаға қатыса алмаған отбасылардың келер жылы өтініш берулеріне мүмкіндігі бар. Аталған бағдарлама 2021 жылға дейін әрекет етеді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
90 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
129 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
143 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
154 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
230 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
227 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
233 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
319 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
571 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
763 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
893 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
904 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
979 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1381 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1399 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1476 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1563 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1770 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1768 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»