8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2020 1559 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖЕРГІЛІКТІ АУРУХАНАЛАРҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫН ТАРТУ ЕТТІ

Оралда кәсіпкерлер облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мен облыстық ауруханаға оттегі концентраторын тарту етті. БҚО кәсіпкерлер палатасының бастамасымен қолға алынған қайырымдылық шарасын жергілікті кәсіпкерлер құп алып, бірден 9 оттегі концентраторын өз қаражаттары есебінен сатып алды. 

Аймақта стационарларға қажетті орындар мен жасанды тыныс алдыруға арналған оттекті концентраторлар тапшы. Медициналық кадрлардың жетіспеушілігі де өте өзекті күйде. Бүгінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 139 науқас емделіп жатырса, олардың алтауы жансақтау бөлдімінде, 67 емделуші оттегі концентраторларының көмегімен тыныс алуда. Дәрігерлердің айтуынша бүгінде үй жағдайында өздігінен ем алып, жағдайы нашар күйде ауруханаға жеткізілгендер қатары артқан. Елімізде күн сайын індеттің белең алып бара жатқаны белгілі. Осы орайда әркім қолынан келгенін жасап, індетпен күреске үлес қосуда. Шағын және орта бизнес саласындағы дағдарысқа қарамастан, бұл бастамаға кәсіпкерлер де қолдау көрсетуде. «Олардың бастамалары көпке үлгі» дейді БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдәулет Ибраймов.

– Бұл құрылғылардың бағасы арзан емес. Және қазіргідей кезеңде кәсіпкерлер пандемияны жеңу жолында аянып жатқан жоқ. 9 құрылғының 5-уі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына берілетін болса қалғаны облыстық аурухананың емдеу бөлімдеріне жөнелтілетін болады. Жақындарыңызға жанашыр болыңыздар,– деді БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдәулет Ибраймов.

Еске сала кетеміз БҚО-да коронавирусқа шалдыққан 92 науқас ауыр халде жатыр.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
80 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
127 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
165 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
420 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»