БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕКІ ОҚУШЫ АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ ҰТЫП АЛДЫ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған ұлағатты ұстаз, КСРО білім беру ісінің үздігі Сәден Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы бойынша республикалық олимпиадада облысымыздың қос шәкірті жүлделі орындарды иемденіп, ақшалай сыйақы ұтып алды. Олардың екеуі де С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының білім алушылары. Білім бәйгесі бүгін, 19 мамыр күні ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.
Республикалық Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихы пәніне деген интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту, дарынды оқушыларды қолдау, олардың ғылыммен айналысуға деген ынтасын арттыру. Оған Қызылорда облысы оқушыларымен қатар еліміздің басқа да өңірлерінен, атап айтқанда, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Шымкент қаласынан 9-10 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада қатысушылары екі кезеңдегі сынақтан өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар ZOOM платформасына қосылып, Google Форма арқылы жасалған тестке онлайн жауап берді. Турдың қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 9-сыныптан сегіз және 10-сыныптан сегіз қатысушы қорытынды кезеңге жолдама алды. Екінші бөлімге өткендер Power Point бағдарламасында жасалған деңгейлік тапсырмаларға онлайн жауап беру арқылы ұпай жинап, қорытындысы бойынша жоғары балл жинағандар жүлделі орындарды иемденді.
І, ІІ және ІІІ жүлделі орын алған жеңімпаздарды ұйымдастыру комитеті дипломдармен және қаржылай сыйақылармен марапаттады. Олардың екеуі – батысқазақстандық оқушылар. Атап айтқанда, 10-сынып оқушылары арасында С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Назерке Сүйеніш жүлделі І орын алып, 100 000 теңге қаржылай сыйақы иеленді.
Ал 9 сынып оқушылары арасында Орал қаласы С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Аружан Мырзағали
жүлделі 2 орын иегері атанып, 70 000 теңгелей қаржылай сыйақыға ие болды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу