БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ АССАМБЛЕЯЛЫҚТАРДЫҢ 14-ШІ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ»
Батысқазақстандық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері «Қайырымдылық керуені» акциясының 14-ші кезеңін ұйымдастырып, 20 қазан күні 50 отбасыға әлеуметтік азық-түлік өнімдерін жеткізді.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап ассамблеялықтар «Қайырымдылық керуені» акциясын жүйелі ұйымдастырып келеді. БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Дулат Мақатовтың айтуынша, бүгінге дейін 13 акция өткізіліп, 1000 шақты отбасыға жалпы 11,5 млн. теңге шамасындағы көмек берілген. Ассамблеялықтардың бастамасына этно-мәдени орталықтардың волонтерлары, меценат-кәсіпкерлер үн қосып жүр. Кезекті акцияны ұйымдастырып, азық-түлік жиынтығын алуда да осы азаматтардың үлесі мол.
– Қайырымдылық – қайырлы іс. Ниет білдіріп көмек көрсетіп жатқан жандарға алғысымыз шексіз. Осы акцияны «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы «Бірлік» еріктілер тобымен бірігіп, жасы ұлғайған жандарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жалғызбасты қарияларға азық-түлікпен көмек көрсетуді көздедік. Қоржынға ұн, тұз, күріш, макарон өнімдері сынды әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер, жеміс-жидек салынды. Сұранысқа сай 50 қоржынның 30-ы – Орал қаласының тұрғындарына, 20-сы – Жаңақала ауданына жеткізіледі. Әлеуметтік қоржындар отбасындағы бала санына байланысты жасақталады. Мәселен, отбасында 1-3 бала болса, 7500 теңгенің қоржыны беріледі, ал 4-7 балалы жанұяға – екі қоржын, яғни 15 мың теңгенің азық-түлігі ұсынылады, 7 баладан жоғары балалары бар отбасыларға – 22,5 мың теңгеге сай келетін азық түлік беріледі, – дейді Дулат Мақатов.
«Жаңғыру жолы» қозғалысы бүгінде 100-ден аса еріктіні біріктіріп отыр. Олар әрдайым белсенді әрі ұйымшыл. Қозғалыс ағымдағы жылдың мамыр айында су тасқынынан зардап шеккен оңтүстіктегі Мақтаарал ауданына да гуманитарлық көмек жинап, 12 тонна жүк жіберген болатын.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу