БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ 92 ОҚУШЫ «МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
21 тамыз күні ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ (қорытынды) кезеңі өтті.

«Мың бала» – ауыл балаларын қолдау мен дамытуға, олардың қала құрдастарымен табысты бәсекелесуіне жағдай жасауға, білімдегі алшақтықты қысқартуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба.
Жоба Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Елбасы академиясы» КҚ-ның «Ел Үміті» талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша бастамасы аясында іске асырылуда.
Олимпиада екі кезеңде өтті және ол еліміздің ауыл мектептерінің 5 және 6 сыныптағы 295 мың оқушыны қамтыды. Олимпиаданың II кезеңінің бес мың қатысушысы – Қазақстанның әр түрлі ауылдарынан келген оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен абстрактілі-логикалық ойлау дағдылары бойынша бағаланды. Батыс Қазақстан облысында олимпиаданың қорытынды кезеңіне 5-6 сыныптардан 171 оқушы қатысты.
Екінші кезеңнің қорытындысын шығару ұпайларды саралау және бүкіл ел бойынша ең жоғары тестілеу нәтижелері бар 1000 оқушыны іріктеу арқылы жүргізілді. Олимпиаданың II кезеңінің қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз іріктеліп алынды, оның ішіндегі 92 жеңімпаз Батыс Қазақстан облысынан екенін атап өткен жөн. Атап айтқанда,
– 5 сыныптардан – 49 жүлдегер, 6 сыныптардан – 43 жүлдегеріміз бар. Біздің оқушылар жоғары нәтиже көрсетті және Батыс Қазақстан облысы олимпиадаға қатысу сапасы бойынша республика облыстарының көшбасшыларының үштігіне кірді, – деп хабарлады БҚО Білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірова.
Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған, республиканың түкпір-түкпірінен келген 30 бала (6 сынып) Республикалық физика-математика мектебіне (Алматы қ. филиалы) қабылдануға ұсынылды.
Республикалық физика-математика мектебінің филиалында (Алматы қ.) оқуға Батыс Қазақстан облысынан бір оқушы ұсынылған. Ол Мұнар Жұмабай есімді Теректі ауданы Ақжайық орта мектебінің 6-сынып оқушысы. Екі оқушы мектеп резервіне алынып отыр. Олар – Досымжан Ахмет (6 сынып, Тасқала ауданы, «Сәулет» МЛ) және Альбина Максименко (6 сынып, Бәйтерек ауданы, Новень ЖОББМ).
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу