8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Ақпан 2019 2480 0
Спорт

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ 14 СПОРТШЫ ЛИЦЕНЗИЯДАН ҮМІТТІ

Батыс Қазақстан облысының 433 спортшысы Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапында. Өткен жылдың қорытындысында облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарды 647 медаль иеленген. Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева мәлім етіп, жоғары жетістіктер спортының алдағы негізгі мақсаты туралы баяндады.

2018 жылы облыстың екі спортшысы Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет самбо күресінен алтыннан алқа тақты. Азия ойындарында байдарка және каноэ есуден Алексей Дергунов алтын алса Ергучев Андрей күміс алды, су добынан облыс тарихында алғаш рет Павел Липилин чемпион атанды. Сонымен қатар облысымызда тұңғыш рет дзюдо күресінен ересектер арасында Ансарбек Ғайнуллин күміс алды.

Жыл қорытындысы бойынша облысымыздың спортшылары ҚРЧ-да 175 алтын, 120 кұміс, 178 қола медаль алса, Азия чемпионаттарында 25 алтын, 9 күміс, 10 қола медаль, Әлем чемпионаттарында 2 алтын, 3 күміс, 7 қола медаль және ресіми халықаралық турнирлерде 15 алтын, 48 күміс, 55 қола медальдарын жеңіп алды.

– Жоғары жетістіктер спортының алдағы басты жоспары 2020 жылы Жапонияның Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы олимпиада ойындарына ұлттық құрама команда сапында лицензия ұтып алу болып табылады. Бүгінгі таңда облысымыздан 14 үміткеріміз бар, – деді Әсия Рахымқызы.

Басқарма басшысы атап өткендей, байдарка және каноэ есуден Алексей Дергунов пен Андрей Ергучев, академиялық есуден Евгений Тацей мен Даниил Савченко. Садақ атудан Анастасия Баннова, Алина Ильясова, Әлихан Мустафин, дзюдо күресінен Аңсарбек Гайнуллин, Темірлан Көлбай, жеңіл атлетика бойынша Григорий Шейко мен Полина Репина, үстел теннисінен Гульчихра Хусейнова мен Айдос Кенжеғұлов бақтарын сынап көрмек. ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының жүлдегері болған Екатерина Ларионова әйелдер күресі бойынша лицензия алудан үмітті.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
47 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»