8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2020 977 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДА ТАҒЫ БІР ОТБАСЫ «ЕЛ ҮЛЕСІМЕН» БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

«Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 232-ші  баспана Сырым ауданындағы отбасыға бұйырды.

 

Бүгін  «Сырым елі» газеті мен Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Сырым аудандық орталық мешіті баспанасыз жігітке үйдің кілтін табыс етті. «Сырым елі» газетінде Бауыржан Ширмединұлының «Анамды қайда апарамын?» атты мақаласы жарық көріп, сырқат анасы бар,  баспанасыз, карантиннің кесірінен жұмыссыз қалған жігіттің тағдыры, оған баспанаға алуға халықтан көмек қажет екені жазылды. Аудандық газеттің қолға алуымен, халықтың қолдауымен бір аптада 2 млн. 246 мың теңге жиналып, газ, су кіргізілген 6 бөлмелі үймен бірге қажетті тұрмыстық техника, жиһаздар, ыдыс-аяқтар алынды.  Мешіт жамағаты үйдің іші-сыртын ретке келтіру жұмыстарына атсалысты.

Бүгінгі қоныстойда «Сырым елі» газетінің директор-редакторы Бауыржан Ширмединұлы ер азаматтың несібесі елге шашылып берілетінін, Алтынбектің несібесі бүгін өз қолына тиіп отырғанын, баспанаға қол жеткізудегі  жүріп өткен жолдарынан хабардар етті.

Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов:

–  Аудандық мешіттің бас имамы Әділхан Наурызбай мен «Сырым елі» газетінің редакторы Бауыржан Ширмединұлының Рамазан айында қолға алған игілікті ісін бүкіл ел қолдады. Осы істің басы-қасында Темірлан Ғаббасов деген азамат та жүрді. Бұл – аудандық газет әперген екінші үй. Бұған дейін «Газеттен жасалған үй» жобасымен Көгеріс ауылынан үш балалы анаға баспана алып берілген болатын. «Сырым елі» газеті елге, халыққа қажетті мәселелерді көтеріп жүр. Аудан әкімінің, барша әріптестерімнің атынан Алтынбек бауырымызды баспаналы болуымен құттықтаймын. Қолдау көрсеткен, қолғабыс білдірген облыстық орталық мешітке, азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Әрдайым бірлігімізбен, сыйластығымызбен, қамқорлығымызбен көріне берейік, -деген лебізін жеткізді.

–  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай дейді: «Кім де-кім бұл дүниеде  бір адамның мұқтаждығын өтесе, Алла тағала ол адамды қияметте мұқтаждығын өтейді»,- деген. Аудандық мешіт пен аудандық газет  бастап, бүкіл ел қолдаған  қайырымды істеріңізге Алла разы болсын. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, «Зекет» қайырымдылық қорының қолдауымен  «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша кеше 231 отбасыға үй берілсе,  бүгін міне, 232-ші отбасыға баспанаға алуға  үлес қосып жатыр, – ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық қорының Батыс Қазақстан облысындағы өкілі, облыстық орталық мешіттің найб имамы Самат Әлібаев.

Айта кетейік, бұған дейін Теректі ауданы Еңбек ауылындағы отбасы «Ел үлесі – пәтерге» жобасымен баспаналы болғанын жазған едік.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
235 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
497 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
738 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
770 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
926 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1121 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1358 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1441 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1547 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1559 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1587 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1594 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1697 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1917 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2226 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2111 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2223 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»