БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫН ЖАСАҒАНЫ ҮШІН 31 ТҰЛҒА СОТТАЛДЫ
27 наурыз күні «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері» тақырыбында брифинг ұйымдастырылды. Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні мен негізгі бағыттарымен таныстырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүргізу сатылай түрде сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім мемлекеттік органдар салаларын, бұл органдар ішінде қызметкерлері жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға бейім бөлімшелерді анықтауға және осы салалар бойынша қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының түрлерін белгілеуге негізделген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің практикалық маңыздылығы – оның нәтижелері мемлекеттік органдарға сәйкесті ұйымдастырушылық немесе құқықтық шаралар қабылдау арқылы анықталған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.
Департаменттің штаб басшысы О.П.Кривцова мониторингтің қылмыстық жауапкершілікке әкеп соққан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бағыты бойынша көрсеткіштерге тоқталды.
2019 жылғы құқықтық статистикаға сәйкес облыс бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 31 тұлға сотталған, оның ішінде 21 лауазымды тұлға, 10 жеке тұлға. Сотталған 21 лауазымды тұлғаның 13-і орталық мемлекеттік органдардың, 8-і жергілікті атқарушы органдардың қызметшілері.
Мониторинг нәтижелері 2019 жылы орталық мемлекеттік органдар бойынша облыс бойынша сотталғандар ішкі істер органдары, қаржы, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері екенін көрсетті.
Жергілікті атқарушы органдар бойынша сотталғандар әкім аппараттары, тұрғын үй шаруашылығы, ветеринария және білім беру салаларының қызметшілері.
Одан әрі Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Г.М.Мырзақаева мониторингтің әкімшілік жауапкершілікке әкеп соққан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, мемлекетік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және әлеуметтік сауалнама қорытындыларымен таныстырды.
2019 жылы ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676-бабымен көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке 1 тұлға тартылса, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін 33 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен 28, жергілікті атқарушы органдардан – 5. Бұл теріс қылықтар ішкі істер органдарында, қылмыстық атқару жүйесінде, әділет органында, әкімдіктер мен оның бөлімдерінде орын алған.
2019 жылы бұқаралық ақпарат құраладры мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдар қызметшілеріне қатысты 52 жағымсыз материал жарияланып, оның 13-і расталды. Бұл жарияланымдарда келтірілген фактілер бойынша қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар жоқ, 12 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өңірімізде жүргізілген сауалнама қорытындысын талдау нәтижелері 2019 жылы жемқорлықтың таралу деңгейі төмендегенін, сонымен қатар, тұрғындар мемлекеттік органдармен қабылданып жатырған іс-шараларды жоғары бағалап, қолдайтынын көрсетті.
2019 жылы жемқорлық облысымызда таралмаған деген жауап берушілер саны 20 пайызға артып отыр, 2018 жылы 62% болса, 2019 жылы 82%. Жауап берушілердің көбінің ойынша соңғы жылдары жемқорлық деңгейі «едәуір төмендеген» (67%).
Брифингті қорытындылай келе Н.И.Самет сыбайлас жемқорлдыққа қарсы мониторинг нәтижесі бойынша мемлекеттік органдармен қабылданып жатырған іс-шараларды жақсартуға бағытталған қорытындылар мен ұсыныстарды атап өтті.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу