8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Тамыз 2019 1908 0
Дені сау ұлт

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ӨЛІМІ АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

Батыс Қазақстан облысы  сәби өлімінің тіркелуінен ең аз көрсеткішке ие. Яғни, бала өлімі азайып келеді. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өткен кеңейтілген алқа отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрданат Беркінғалиұлы оң нәтижеге жету жолында атқарылған жұмыстарға тоқталды.  

– 2016 және 2017 жылдардың көсеткіштері бойынша жүргізілген сараптама бойынша нәрестелер арасында туа біткен дамудың шектелуінен болатын өлім 30 пайыз болған. Осы ретте біз ультра-дыбысты зерттеу аппаратын сатып алып, мамандарды оқыттық. Соның арқасында 2018 жылдың қорытындысы бойынша аталмыш аурудан болатын өлімді 30-дан 18 пайызға дейін төмендетудің мүмкіндігі туды. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 12 пайызға дейін азайып отыр. Сонымен қатар жазатайым жағдайларды төмендетуге назар аударылуда, – деді Нұрданат Беркінғалиұлы.

Қазіргі уақытта құрылымы бойынша перинаталдық паталогиядан болатын өлім жағдайы өзекті. Облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Тишанқызы осы мәселені алға тартып, бұл бағытта перинаталдық орталықта жаңадан қолға алынған зерттеу жұмыстарына көңіл аударды.

Облыстық перинаталдық орталық директоры Николай Дмитриенконың айтуынша, жүкті әйелдер генетикалық, неонатальды, УДЗ скринингтерінен өтеді. Бұл скринингтерге қосымша жаңадан енгізіліп отырған төртінші сркининг ауыр преэклампсияны анықтауға мүмкіндік береді. Барлық әйелдер осы скринингтен өтуі керек.

– Скринингтің бұл түрі арқылы әйелдердің эклампсиясы дамуын анықтап, соған сәйкес алдын алу шараларын жүргізуге болады. Диагностиканың арқасында ерте босану жағдайы азайып, сәбилер өлімі де төмендейді. Жаңадан енгізілгендіктен, нәтиже туралы айту да ертерек. Дегенмен, біз балалардың шала туылуын азайттық. Бұрын жылына 9 пайызы шала туылғандар болатын. Қазір 4,8 пайыз ғана. Бұл нәресте өлім-жітімінің азайғанының көрсеткіші. Бұл бағытта біз шамамен 12 жыл жұмыстанып келеміз. Мамандарымыз бар. Осы бағыттағы жұмыстарымызды тоқтатпауымыз керек. Сондықтан қаржы қажет. Ауыр преэклампсия – генетикалық ауру. Аталмыш скринингті дүние жүзі елдерінің басым бөлігі қолданады. Қазақстанда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында ғана бар. Енді міне, алғаш рет Оралға әкелінді. Бұл скрининг жүктіліктің 14 аптасында-ақ қан тамырлары ауытқуларын анықтауға көмектеседі. Өзгерістер болса, емдеу уақытылы тағайындалатын болады, – дейді перинаталды орталығының БҚО Николай Дмитриенко.

Алайда, скринингтен өту қымбат. Жылына 13 мың әйел тексеруден өтеді. Олар бұл қызметті тегін алуы үшін бюджеттен 140 млн. теңге бөлінуі қажет. Бибігүл Қонысбаева басқарма басшысына қажетті қаражатты бюджеттік жоспарға қою үшін сұраныс әзірлеуді немесе министрлікпен бірлесе мемлекеттік-сақтандыру қоры арқылы тариф қатарына енгізу жолдарын қарастыру қажеттігін тапсырды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
47 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»