8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Наурыз 2021 2121 0
Өзек

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА «КӨКТЕМ-2021» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

4 наурызда Батыс Қазақстан облысында Республикалық «КӨКТЕМ-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды. Негізгі мақсаты – көктемгі кезеңде төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі және халықтың дайындық деңгейін арттыру.

Күннің бірінші жартысында оқу-жаттығу басшысының орынбасары – БҚО ТЖД бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашев жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өкілдерімен бірлесіп, оқу-жаттығудың негізгі мақсаттары мен оларды орындау тәсілдерін талқылап, нақтылады. Оқу сигналы түскеннен кейін жедел топ Бәйтерек ауданы Мичурин ауылына шартты төтенше жағдай орнына шықты.

Оқу-жаттығу аймағында халықты эвакуациялау және мұзды кесу, сондай-ақ суды сору сияқты жедел топтың жұмыстары жүргізілді.

Жұмылдырылған топтың дербес жұмыс істеуі, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою орнында зардап шеккен халықты қабылдау үшін далалық лагерь ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу учаскелеріне барлығы 45 жеке құрам, 4 бірлік техника, 2 бірлік мұз кесу қондырғылары қатысты.

Бірінші кезектегі міндеттерді орындау және авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізілді.

Оқу-жаттығу 5 наурызда да жалғасады.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»