8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Ақпан 2021 4874 0
Қоғам

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА «ӘБІШ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Әбіш Кекілбаевтың мол мұрасын насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысында 16-18 ақпан күндері «Әбіш оқулары» байқауы өтті. Қашықтан өткен байқауға  аудан, қала және облыстық мектептерден жалпы 111 оқушы қатысты.

Мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу – байқаудың негізгі мақсаты болды. Өйтені жеткіншектердің  тарихи танымдарын қалыптастыру, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік ұстанымдарын нығайтуда жазушының шығармалары ерек. Ә.Кекілбаевтың шығармашылығына арналған байқау облыста екінші мәрте  ұйымдастырылып отыр.  Байқау 4 аталым бойынша өтті, әрқайсысы бойынша жүлдегерлер анықталды.

Атап айтқанда, Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер номинациясында Орал қаласы, Д.Қонаев атындағы № 44 мектеп- гимназиясының 9-сынып оқушысы Аслан Еңсепов – бірінші орын алды.

Ә.Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу бөлімінде қатысушылар өздерінің таңдауы бойынша  прозасынан үзіндіні, поэзиясын мәнерлеп оқып берді. Мәнерлеп оқу бөлімі ZOOM платформасы арқылы өтті. Бұл байқауда  Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы №6 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Ару Амангелдиева жеңімпаз атанды.

Үшінші аталым – Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауының қорытындысында Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Сымбат Орманованың зерттеу жұмысы қазылар шешімімен бірінші оырнға лайық деп танылды.

Төртінші – «Сахналық қойылым» аталымында оқушылар Ә.Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым дайындап, видео түрінде жолдады. Бұл байқауда сахна мәдениеті, сахнада өздерін  ұстауы, сахналық киімдері, сөйлеу мәнерлері мен тақырыпты толық аша білулеріне мән берілді. Нәтижесінде Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушылары дайындаған қойылым үздік деп бағаланды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»