8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2021 918 0
Дені сау ұлт

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНҒА 277 ДӘРІГЕР КЕРЕК

Бүгін, 20  ақпан күні халықпен онлайн өткен есептік кездесуінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев 2020  жылдың әлем үшін сынақ жылы болғанын және індетпен күрес  медицина қызметкерлеріне оңай болмағанын атап өтті. Облыста денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жұмыстарға  да тоқталды.

– 2020 жылы әлем бұрын-соңды болмаған індетпен бетпе-бет келді. Әлі де пандемиямен күрес жалғасуда. Коронавирус індеті амалсыз әрекеттерге баруға мәжбүр етті. Бірақ, әр шектеу шарасының артында  ұлт саулығы тұрғанын түсінуіміз керек. Медициналық қызмет көрсету, емдеу барысында көптеген қателіктер кеткенін мойындауымыз қажет. Турасын айтқанда біз мұндай сынаққа дайын болмадық. Індетпен күрес дәрігерлерімізге оңай болған жоқ. 700-ге жуық медицина қызметкері жұқпалы ауруға шалдықты, төрт дәрігеріміз ажал құшты, – деген Ғали Нәжімеденұлы қатерлі індетпен күрес кезінде көз жұмған дәрігерлердің жақындарының қайғыларына ортақ екенін жеткізіп, көңіл айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен эпидемияға қарсы шараларға қатысқан 14 мыңнан астам маманға 3,5 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Қызметте ерен еңбегімен көзге түскен 15 медициналық қызметкер «Парасат», «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» сияқты орден-медальдармен наградталды. 

Өңірде медицина кадрлары мәселесі күрделі болып отыр. Өкінішке орай, дәрігер кадрларының тапшылығы 277 бірлікті құрайды. Дегенмен, 2019 жылмен салыстырғанда 10 пайызға төмендеу байқалады. 2020 жылы облысқа барлығы 106 түлек келді.

– Өңір дәрігерлері қиын оталарды жасау бойынша тәжірибе жинақтау үстінде. Мысалы, қалалық көпбейінді ауруханада алғаш рет инсульт алды күйдегі науқастардың ми артерияларына өте күрделі оталар жасалды. Ал кардиологиялық орталықта алғаш рет жаңа босанған науқастың қолқа клапанын ауыстыру отасы сәтті іске асты. Аталған ота ана өлімін болдырмауға өз септігін тигізеді деп сенемін, –  деді Ғали Нәжімеденұлы.

Медициналық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында Президент тапсырмасымен үш ай мерзім ішінде жаңа модульді инфекциялық аурухана тұрғызылып, қажетті медициналық аппараттармен жабдықталды. 2020 жылы 1,7 млрд. теңгеге 15 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. Тұңғыш Президент қорының қолдауымен облыстық балалар көпбейінді ауруханасында жабдықталған балалар оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ, 37 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынып, жедел жәрдем автокөліктері 100-ге дейін ұлғайды.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі үшін облысқа 9 бірлік жылжымалы медициналық кешендер сатып алынып аудандарға берілді.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
258 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
415 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
451 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
718 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
732 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
858 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1164 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1254 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1278 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1492 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1764 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1984 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2026 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2170 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»