8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Мамыр 2020 988 0
Қоғам

БАТЫРХАН МҰҚАНОВ, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің аға оқытушысы: «ХАЛҚЫМЫЗ БІРЛІГІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚИЫНДЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРА БІЛДІ»


– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзін шын мәнінде Қазақстан халқы жақсы қабылдады. Қазіргі таңда әлемді жайлаған пандемия кезінде Үкіметтің халыққа бетбұрыс жасап, көмек жасап жатқаны көрінеді.  Президенттің айтуынша, бұл мақсатқа қыруар қаржы бөлінді. Миллиардтап, триллиондап бөлінген ақша халық үшін жұмыс жасауы тиіс және Мемлекет басшысы бұл қаржының мақсатты жұмсалуын қатаң қадағалап отыр. Мұның бәрі халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін жасалуда. Мәселен, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бір триллионнан аса қаражат бөлінді. Бұл дегеніңіз, 255 мың адам жұмыспен қамтылып, әлеуметтік жағдайы жақсарса, олардың салған жолдары, құрылыстары нәтижесінде еліміздің экономикасы өрге басады деген сөз. Әрине бұдан басқа, шағын және орта кәсіпорындарға да Үкімет тарапынан үлкен мүмкіндік қарастырылған. Бірінші кезеңде, еңбекақы төлеу кезіндегі салымды тоқтатты. Дағдарыс, пандемия жағдайында бұл өте орынды шешім. Бұдан соң адамдардың қиындыққа мойымай әрі қарай кәсібін ашуына ықыласы болады деген ойдамыз. Мұның өзі біздің экономикалық-әлеуметтік саламызға үлкен үлес қосатын шаруа. Ең бастысы – ауылшаруашылығы мәселесі. Бұл салаға бағытталған жанар-жағармайдың 15 пайызға арзандауы шаруаларға үлкен көмек болды. Оның үстіне Президент болашақ өнімді күні бұрын сатып алу мәселесін алға қойды. Бұл да шаруаларға зор қолдау. Яғни ауылшаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың уақытылы жалақысын алып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуына сеп болар еді.
Тағы бір жайт, Мемлекет басшысының Үкіметке төтенше жағдай кезінде үйде жұмыссыз қалған жандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде еңбекақы тағайындауға тапсырма беруі. Екі ай бойы 42500 теңгені 4,5 миллион қазақстандық алды. Мұның өзі – халыққа үлкен көмек болды. Бұдан өзге де халықтың түрлі санатына нақты көмектер берілді. Осыдан-ақ Үкіметтің экономикалық-қаражаттық саясатын жақсы жүргізіп отырғанын бағамдауға болады. Сондай-ақ төтенше жағдайда тынымсыз еңбек етіп, өмірлерін қауіп-қатерге тіккен медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалай білуіміз керек. Жағдай қалыпқа келген соң бұл сала мамандарына нақты жағдай жасалады деген сенімдеміз. Халықтың ауызбірлігінің нәтижесінде біздің еліміз өзге елдерге қарағанда қиындыққа қарсы тұра білді. Әйтпесе, Еуропа, Америкада болып жатқан жағдайды халқымыз жақсы біледі. Сондықтан ендігі аз уақытқа шыдамдылық танытсақ, бәрі қалпына келіп, жұмысымыз жанданып, Президент айтқандай алдағы тойларымыз көп боларына сеніммен қарауға болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
85 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
180 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
192 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
222 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
247 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
620 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
756 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
790 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1066 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1075 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1203 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1502 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1599 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1626 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1833 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2104 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»