Басты міндет – халыққа адал қызмет
1998 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылған болатын. Ал 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Аталған заң азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу теңдігіне арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады және Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қызметінің берік іргетасын қалыптастырды.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері мемлекеттік қызмет саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Жаңа кәсіби мемлекеттік аппарат құрылды. Мемлекеттік қызметшілер саяси рефорлармен жүктелген міндеттерін кәсіби деңгейде орындап, еліміздің тәуелсіз, демократиялық егеменді мемлекетке айналуына өз үлестерін қосты.
Елбасы ұсынған реформалардың басты мақсаты – мемлекеттік қызмет саласын уақыт талабына сай жетілдіріп, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызмет деңгейін көтеру, кадр саясатын мемлекеттік саясатқа сай жүйелеу сынды көптеген мәселелерді шешуге бағытталған. Сондықтан мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен мемлекеттік қызметтің баршаға сапалы болуын қамтамасыз ету қажет. Осы ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын белсендіру маңызды.
Сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің біріне айналды. Қоғамды жайлаған бұл дертті жою мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы негізгі нормативтік құқықтық актілері бекітілді. Қабылданған заңнамалардың барлығы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтың, қылмыстың жолын кесу және зардаптарын жою, кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғанын атап өту қажет. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері одан әрі ушықпауы үшін қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы түрде қарсы тұруға болады. Осы орайда Теректі аудандық қазынашылық басқармасының қызметкерлері өз үлестерін қосып, Елбасы Жолдауынан туындайтын жаңа міндеттер және Әдеп кодексі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ел болып еңсемізді көтеріп, шаршы әлемге танылғанымызға 25 жылдан аса уақыт өтті. Өткенге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнымызды айқындадық. Бүкіл әлемге ажырамас бірлікпен танылдық. Осы ретте тұтастықты сақтап, халыққа адал қызмет ету – мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті болып қала бермек. Сонда ғана өркениетті елдер сияқты мемлекеттің ілгерілеп дамуы болады. Яғни, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты.
Ұлан Сайтмухаев, Теректі аудандық қазынашылық басқармасының басшысы

Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу