8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Тамыз 2019 1487 0
Жалын

БАСТАМАШЫЛ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

   Қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жастармен биресми кездесу өткізді. «Tipa graf» кофейнясында «Орал жастардың көзімен» тақырыбында өрбіген шараны ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды. 

– Халықаралық жастар күніне орай өздеріңізбен пікір алмасып, жас көшбасшылардың жұмысымен танысуды жөн көрдім. Ең алдымен баршаңызды айтулы мерекемен құттықтаймын. Өңіріміздің, қаламыздың дамуына қосқан жан-жақты үлесіңізді жоғары бағалаймын, – деген қала әкімінің орынбасары  Бақытжан Қаберұлы әр саладағы белсенді жастармен еркін бағытта әңгімелесіп, оларды қызықтырған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Осыдан бір жыл бұрын алғаш рет жартылай марафон өткізіп, нағыз «Рухани жаңғырудың» үлгісін көрсеткен «Uralsk runners» қозғалысының, «Power Qazaqstan» жеке қорының жетекшісі, «Fiesta» желісінің негізін қалаушы Асхат Рамазанов, «Орал велосипедшілері» велоқозғалысының ұйымдастырушысы Андрей Карпов, Жеңіс күні қарсаңында Еуразия даңғылындағы үйдің қабырғасына терең мағыналы сурет салып, жұртшылықтың таңдайын қаққызған  StreetArt cуретші Дарья Запрометованың командасы,   өзіндік идеясымен көпшіліктің көзайымына айналған «Dvish» қозғалысының өкілдері Мейрамбек Өтепов, Дәурен Жасталапов, «Street workout» спортын дамытуды қолға алған Дастан Бижанов, «Wheels brothers» мотоклубының өкілі Николай Романов, өңіріміздің, қаланың  тарихымен жұртшылықты таныстырып жүрген идеясы мол видеограф, «Үркер» орталығының директоры Әлішер Ғұмаров жетістіктерінің қыр-сырларымен бөлісіп, замандастарын жігерлендірді.

– Жастардың» жарқын белестерді бағындыруына басты керекті үш нәрсе – білім, еңбек, талпыныс. Осы үш қабілетті игеру өз қолымызда. Әрбіріңіздің қай қырынан болмасын қаланы дамыту бағытындағы ұсыныстарыңыз маңызды, –   деп жиынды қорытындылаған Бақытжан Қаберұлы бастамашыл жастарға 7 қыркүйек қала күніне орай тың жобалар жасақтап, ұсынуды тапсырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
203 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
462 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
546 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
648 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
655 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
675 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
687 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
789 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1018 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1328 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1215 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1321 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1316 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1441 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1487 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1435 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1446 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1550 0
Қалалықтар қаперіне
Тасқыннан зардап шеккендерге көмектесуде
30 Наурыз 2024
2010 0
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
2145 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»