БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ StopMusor тәжірибесінде Қазақстан қалаларын қоқыстандыру мәселелері мен оны шешу жолдары
9 маусым 2022 ж., Нұр-Сұлтан – Бүгін Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы StopMusor әлеуметтік жобасының Екінші кезеңін іске асыру қорытындылары бойынша баспасөз-конференциясын өткізді. Жобаның бұл кезеңі өз жұмысын Филип Моррис Қазақстан компаниясының қолдауымен, қоқыстандыру деңгейін төмендету және қазақстандықтар арасында ҚТҚ-ны бөлек жинауды көпшілікке дәріптеу үшін тұрмыстық қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеу мақсатында 2021 жылдың маусым айында бастады.
Қазақстанда экономиканың өсуі және жалғасып жатқан урбандалу қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) көлемінің артуының себептері болып табылады. Жыл сайын Қазақстанда шамамен 5 миллион тонна ҚТҚ пайда болады, оның негізгі бөлігі адамдар күнделікті негізде пайдаланатын өнімдерден қалыптасады.
Тәжірибе көрсеткендей, барлық қоқыстар қоқыс жәшіктері мен қоқыс тастайтын орындарына жеткізіле бермейді, ол ұзақ уақыт бойы қоқыс жәшіктерінен тыс қалып, кейіннен өздігінен апатты қоқыс үйінділеріне айналатын қалдықтардан төбешіктер пайда болады.
«Нәтижесінде, қоқыс дұрыс емес жерге лақтырылған кезде, ол қаланы ластап қана қоймай, сонымен қатар денсаулыққа қауіпті заттар шығарып, қоршаған ортаға зиян тигізеді. Өкінішке орай, көпшілігі мұны түсінбейді. Сондықтан StopMusor жобасының негізгі идеясы – адамдарға өз қоқыстарын қоқыс жәшігіне дейін жеткізуге үйрету және ұсақ қоқыстардың өзі экологияға, нәтижесінде денсаулығымызға үлкен залал келтіруі мүмкін екенін түсіндіру», – деп бөлісті Экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл СОЛОВЬЕВА.
Өткен жылы ғана ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша елімізде 7 300 апатты қоқыс үйіндісі болды, оның 88% жойылды (6 600 қоқыс үйіндісі). Қалдықтарды қайта өңдеу 2021 жылы 20,2%-ды құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде үлес 15,8% құраған болатын.
Өткен жылы ecokarta.kz сайты және StopMusor қосымшасы жасалды, олардың көмегімен немқұрайлы емес азаматтар өз қалаларындағы экологиялық мәселелер туралы қалалық қызметтердің жергіліктенген және жедел шешуі үшін хабарлай алады. Осы қызметтің арқасында апатты қоқыс үйінділерімен, судың ластануымен және құрылыс қалдықтарымен байланысты 250-ден астам өтініш келіп түсті. Айта кету керек, барлық алынған шағымдардың 80% жауап алды және бұл өтініштер тиісті органдармен пысықталды.
Жобаның негіздемесі мүмкіндігінше көбірек адамды қамтып, оларды қоқыстану мәселесі туралы ойлануға мәжбүр ету үшін 4 миллионға жуық адамды қамтыған түрлі онлайн және офлайн шаралар ұйымдастырылды. Пандемия кезіндегі шектеу шараларына қарамастан, жоба тобы шамамен 30 іс-шара өткізді:
• Trashflot эко акциясы, оның аясында белсенділер тобы Алматы маңында немесе Іле жағалауында жиналған қоқысты пайдалана отырып салынған салдарда Іле өзенімен жүзуге шықты;
• «Экономика қызметіндегі тұрақты даму мақсаттары» халықаралық онлайн конференциясы. Конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің, мемлекеттік органдардың, бизнестің, ЕЭАО қатысушы-елдердің азаматтық қоғамының өкілдері қатысып, БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін үздік практиктердің тәжірибесімен бөлісті;
• 15-17 наурыз аралығында Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Университетінің алаңында «Дармарка» акциясы ұйымдастырылды. Дармарка – бұл тегін жәрмеңке, онда қатысушылар енді пайдаланбайтын заттарды жақсы жағдайда алып келеді, ал оның орнына өздеріне ұнайтын нәрсені алып кетеді. Дармарка жақсы заттарға жаңа қожайындарды тауып қана қоймайды, сонымен қатар жаңа тауарларды өндіруге, буып-түюге және жеткізуге ресурстар мен қаражат шығындарын азайтады.
• 14-28 ақпан аралығында өткен «Эко герой» байқауы экологиялық білім деңгейін арттыруға және экологиялық мәселелерді шешуде жастардың шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған.
• қалдықтарды сұрыптау және пластиктерді жіктеу ережелерін қоса алғанда, «Zero Waste» стилінде өмір салтын жүргізу қағидаттарын зерделеу мақсатында 19 мамырда елорда белсенділері мен еріктілері үшін ұйымдастырылған тренинг. Барлық ерікті-қатысушылар 2022 жылдың қыркүйегінде «Тазалық күні» Дүниежүзілік акциясын ұйымдастыруға тартылатын болады.
«Адамзат тап болатын көптеген мәселелер – қоршаған ортаға немқұрайлы қараудың нәтижесі. Табиғат – бұл баға жетпес сый, оны адамдар келесі ұрпаққа беру үшін қамқорлық жасауы керек. Министрлік екінші жыл Stop Musor жобасын белсенді қолдап келеді және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған халықпен белсенді жұмыс жасау үшін Қазақстанның экологиялық қауымдастығы қосқан үлесін атап өткім келеді», – деп бөлісті ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің Өкілі.
Бағдарламаның нәтижелері туралы видеоны келесі сілтеме бойынша көруге болады: https://disk.yandex.ru/i/ngYLsL3Blv8i8Q
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу