8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Шілде 2022 1174 0
Оқиға

Барымташылар ұсталды

БҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері БҚО аумағында мал ұрлықтарымен айналысқан қылмыскерлерді ұстады.
Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде «102»-ге жергілікті тұрғыннан телефон қоңырауы түсіп, мал қамағынан қойларының ұрланғаны туралы хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Тексеру барысында белгісіз тұлғалардың 22 шілдеге қараған түні мал қамағына заңсыз кіріп, 9 қошқарды жасырын ұрлап кеткені анықталды.
Қылмыс орнына келген полиция қызметкерлері қаскүнемдердің іздері табылған оқиға орнына мұқият тексеру жүргізді. Криминалистикалық есепке алу базалары бойынша қалдырылған іздерді тексеру кезінде күдіктілердің жеке басы анықталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыскерлер ізін суытпай ұсталды. Олар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған облыс орталығының жергілікті тұрғындары болып шықты.
Мал ұрлаған қылмыскерлер өз кінәсін мойындады. Тергеу экспериментінде олар жануарларды кесетін орынды көрсетті. Олардың бұрын жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
ҚР ҚК 188-1-бабы «Мал ұрлығы»бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар мүлкін тәркілеп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Өз тілшіміз

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
71 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
120 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
159 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
416 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
436 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»