БАЛКОНДАҒЫ БАҚША
Таң қалдыңыз ба? Біз де алғаш естігенде бұл қалай деп таңданғанбыз. Сол қызығушылықпен шағын орын-жайды баққа айналдырған оралдық Майра ханыммен тілдесуге асықтық.
Тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатында тұратын Майра Аманғалиева 3,5 шаршы метрлік балконында 50-ге тарта гүлдің түрін өсіріп отыр. Оған қоса қызанақ пен қияр егіп, оның өнімін күнделікті азық етіп, шағын бақшасының игілігін көруде.
Гүл өсіру – кішігірім ғылыми жұмыс
Әр әйел әдемілікті сүйеді. Адам жанын жадырататын, адамға сергектік пен сенім ұялатып, өмірге құштарлығын арттыратын бөлме гүлдері – әдемілікті еселей түсетіні рас. Майра ханымның әдемі әлемге қызығушылығы осыдан 10 жылдан аса уақыт бұрын, яғни ұлының денсаулығына байланысты үйде отырып қалған кезінен басталған. Алайда, құмыраға түптендірген гүлдері көп уақыт өтпей солып қалып жүрген. Одан кейін басқасын отырғызса, ол да сол күйді кешіпті. Осылайша, уақыт өте келе тәжірибе жинақтаған Майра әр өсімдікті жіті зерттеп, содан кейін өсірумен айналысуға ден қойған.
– Алғашында гүлді топыраққа отырғызып, оған күнара су құйсам өсе бермей ме деп ойладым. Бірақ, оны күтіп-баптаудың өзі кішігірім ғылыми жұмыс екен. Жеті жыл бұрын әр гүлді зерделеп, өсіру ерекшеліктерімен, біздің өңірдің климатына бейімділігімен танысқаннан кейін отырғызатын болдым. Балконым күн жақта орналасқан, жаздың күндері температура 35-40 градусқа дейін жетеді. Күн шуағының тікелей түскенін, қатты ыстықты көп гүлдер көтере бермейді. Сондықтан арасында желдеткіш немесе ылғалдандыру құрылғыларын қосып қоямын. Жалпы үй гүлдерін ұрықтан өсіргенді жөн санаймын. Өйткені, дүкеннен сатып алған гүлдер тез шіріп, өліп қалуы ықтимал. Ал тұқымнан бастап өсіргенде, олар бөлме температурасына бейімделіп өседі, – деді балконды хош иісті гүлдермен көмкерген Майра.
Мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің 14 мамыр күнгі №18 нөмірінен оқи аласыздар.

Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу