8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Маусым 2020 1327 0
Қоғам

БАЛАЛАРДЫ ЖҰМЫСҚА ЗАҢСЫЗ ТАРТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Кәмелетке толмағандардың құқын қорғау мақсатында  қолға алынғаи шараларға қарамастан бала еңбегін заңсыз пайдалану жағдайы орын алуда.

Зерттеулер көрсеткендей,  бала еңбегін пайдалану көп жағдайда  жазғы демалыс кезінде жиі кездеседі. Орал қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің  ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы М. Құспанованың айтуынша, жұмысқа 12-18 жас аралығындағы жеткіншектер жиі тартылады .  Жұмыс берушілердің олармен еңбек келісімшартын жасамайтындары тағы бар.

– Балмұздақ, сусын, ойыншық сату сынды сауда жасауға, автокөлік жуу, жүк түсіру жұмыстарына  балаларды пайдалану жиі кездеседі.  Барлық жағдайда да балалар отбасыларының материалдық қиын жағдайына байланысты жұмыс жасауға өздері ықылас танытады.  Олар киім алуға, қалта шығыны  немесе азық-түлік алу үшін, жақын-жуықтарына көмек көрсету мақсатымен жұмыс жасап жүргендерін айтады,  – деді Мадина Құспанова.

Осы орайда жазғы уақытта кәмелетке толмағандарды заңсыз жұмыс жасауы фактілерін анықтау мақсатымен Орал қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімшесі қызметкерлері мен Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың  құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері жүргізген рейд жүргізілуде. Алғашқы үш күн ішінде қаладағы 45 нысан тексерілген. Жетеуі – құрылыс, 11-і – автожөндеу, 15-і – автожуу,  сегізі – кафе, төртеуі – базар. Нәтижесінде  балаларды келісімшартсыз жұмысқа тарту және жасөспірімнің жұмыс жасау уақытына қатысты 16 заңбұзушылық анықталды.  Жұмыс берушілер тарапынан жіберілген бұл заңбұзушылықтар бойынша Орал қаласы Полиция басқармасы тарапынан өтінішхат дайындалып, облыстық жұмысен қамту басқармасына жолданбақ. Жұмыс берушілерді жауапқа тарту жөнінде аталған құзырлы мекеме шешім қабылдайтын болады.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап облыс аумағында «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілуде.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
192 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
460 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
701 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
733 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
888 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1084 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1321 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1403 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1510 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1522 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1550 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1557 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1660 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1878 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2188 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2074 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2186 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»