8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2020 2124 0
Өзек

БАЛАЛАРДЫ ДОППЕН ҰРҒАН МҰҒАЛІМ СОТТАЛДЫ

Орал қаласының прокуратурасы мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың сақталуына жүргізілген талдау барысында қатыгез қатынас көрсету, сондай-ақ мүгедек балаларға физикалық және психикалық қинау келтірілген фактілерді анықтады. Бұл туралы БҚО прокуратурасы хабарлады. 

Атап айтқанда, «Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешені» МКК-да дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде еңбек қызметін жүзеге асырған «К» сабақ өткізу барысында мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты доппен ұрып-соғу арқылы күш қолдану әрекеттерін жүйелі түрде қолданған.

Орал қаласы прокуратурасының бастамасымен Орал қалалық полиция басқармасының Абай бөлімі «К»-ға қатысты мүгедек балаларға үнемі ұрып-соғу жолымен дене және психикалық азап шектіру фактісі бойынша Қылмыстық Кодекстің 110-бабының 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Алайда, қылмыстық қудалау органының «К»-ға қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, өйткені мүмкіндіктері шектеулі балалардың заңды өкілдері мен ата-аналары тарапынан шағым болған жоқ.

Қабылданған шешіммен прокуратура органы келіскен жоқ, «К» -ға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешімнің күші жойылып және сотқа жолданды.

Орал қалалық сотының 28 мамырдағы үкімімен бұрынғы мұғалім «К» Қылмыстық Кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы) сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»