8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қараша 2019 2155 0
Қоғам

БАЛАЛАР ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ӨЗЕКТІ

         11-12 қараша күндері Орал қаласында  «Қосымша  білім  беру  жағдайында  балалар-жасөспірімдер  туризмін  жүзеге  асырудағы  кластерлік  тәсіл» атты  халықаралық   форумы өтті. Форумға Қазақстан Республикасының мемлекеттік ведомстволары мен қоғамдық ұйымдары, балалар туристік ұйымдары, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары, ғалымдар, балалар туризмі проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдарының, Ресей Федерациясының қосымша білім беру ұйымының өкілдері қатысты.

Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен форумның пленарлық отырысына жиналғандар алдымен  «Туристік кластер – балалар туризмі: мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы көрме жұмысын тамашалады. Бұдан соң көпшілік назарына «Орал өңіріндегі балалар туризмі сыр шертеді» фильмі ұсынылды. Фильм өңіріміздегі балалар туризмінің негізін қалаған, оны кластер ретінде қалыптастыру жолында 30 жылдан астам облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры болып еңбек еткен  Виктор Фоминге арналды.  Шараны ашқан облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев: – Ақ Жайық өңірінде маңызы зор шара ұйымдастырылуда.  Біздің ана тілімізде «өлкетану» деген керемет сөз бар. Отан деген туған жерден басталады. Еліміздің әр азаматының қанында туған елге деген махаббат бала жастан оянады.  Сондықтан өскелең ұрпақтың бойындағы бала кезден қалыптасқан Отанға деген патриоттық сезім өмір бойы жалғасуы тиіс. Осы бағытта күн сайын тәрбиелеуіміз керек. Басқосудың басты мақсаты – ортақ мәселені талқыға салып, өлкетану ісін дамыту  жолдарын бірлесіп анықтау, – дей келіп, халықаралық форум осы мақсатта жемісті еңбек етіп, бар өмірін осы салаға сарп еткен  адал азамат Виктор Фоминді еске алуға бағытталғанын атап өтті.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева туризм, табиғатқа деген сүйіспеншілік арқылы жасөспірімдерге тәрбие берілетінін, тал бесіктен, жөргектен бастап олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі болса, еліне, жеріне, ата-анасына деген сыйластығы орнығатынын тілге тиек етті.  Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісов форум еліміздің отансүйгіш азаматтарының көбейуіне ықпал ететінін жеткізді.  – Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығына жаңа басшы табылар, бірақ Виктор Павловичтей өз Отанын шексіз сүйетін ұлы патриоттың орнын алмастыру оңай емес. Бір кездері барлық спорт мектептеріне жабылу қаупі төнгенде, Виктор Павлович оларды сақтап қана қалмады, дамытты. Қашан да тығырықтан шығудың жолдарын таба білді. Балалар туризмінің дамуына жанын салды,  – дей келіп, В.Фомин туралы жылы естеліктерімен бөлісті.  Ресей Федерациясынан келген өлкетанушы-ғалымдар да балалар туризмінің дамуына жанын салған арда азаматтың орнын ешкім алмастыра алмайтын айтып, көздеріне жас алды.

Қазақстандағы туризмнің дамуының негізгі мақсаты заманауи бəсекеге қабілетті туризм саласында туристік кешен қалыптастыру. Ішкі туризм саласында туристік кластердің сапалы қызмет атқаруының тиімді факторы – балалар туризмінің дамуы. Форум аясында Қазақстандық туризмді дамытуға арналған ТОП – 50 туристік нысандардың құрамына енген – Батыс Қазақстан облысы балалар және жасөспірімдер туризмі кластерінің қызметі насихатталды.

Бүгінгі таңда облыста 14 балалар-жасөспірімдер туризмі орталықтары мен станциялары жұмыс істейді. Өңір оқушыларының 12 пайызы орталықтар қызметімен қамтылған. Балаларға туристік-өлкетану қызметі арқылы  үздіксіз білім мен тәрбие берудің толыққанды жүйесі құрылды. Ресей Федерациясы және басқа да шетелдердің балалар ұйымдарымен халықаралық конференциялар мен іс-шаралар өткізуде тәжірибе жинақталып, халықаралық байланыстар қалыптасқан. Республикалық туризмді дамыту мәселелерін талқылаған екі күнге созылған форум шеңберінде өткізілген шеберлік-сыныптар дискуссиялық алаң түрінде өтті. Батыс Қазақстан облысының туризм орталықтарының іс-тәжірибесі экскурсиялық-танымдық бағдарламалармен таныстырылды. Балалар туризмінің дамуы мектепке дейінгі ұйымдарда шеберлік сыныптар арқылы көрсетілді. Ал Бәйтерек ауданында жас туристер станциясына экскурсия барысында қонақтар ауданның көрікті жерлерімен және туристік ресурстарымен танысты.

Айта кету керек, облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында Виктор Фоминге арналған мемориалдық тақта ашылды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
101 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
360 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
619 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
860 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
895 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1048 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1242 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1477 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1563 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1673 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1681 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1711 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1716 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1819 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2040 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2347 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»