8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2019 2503 0
Қоғам

БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ БҮЛДІРШІНДЕРІ АЛҒЫС АЙТТЫ

                Бірінші наурыз – Алғыс айту күні. Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқының көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілділік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні деп саналады. Бұл күнді облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері де естен шығармады.

Бүгін облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнұр Кенесарина бастаған топ Алғыс айту күніне орай мерекелік акцияны қолға алды. Қазіргі таңда балалар ауылында бірнеше ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті тұрып жатыр. Акция аясында өзге ұлт өкілдері балалары өздерін қамқорлап, қорғап, қолдап жүрген жандарға алғысын білдіру мақсатында қолдарына жылы лебіздер жазылған жүрекшелерін алып, алдымен облыстық білім басқармасына келді. Балаларды жылышыраймен, қуана қарсы алған облыстық білім басқармасының инклюзивті арнаулы білім беру және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің жетекші маманы Сәулеш Хамзина  оларға игі тілегін жеткізіп, өмірдің кез-келген қиындығына мойымай, тек алға ұмтылуға шақырды. Бұдан әрі балалар өздеріне қамқоршы болып,  15 жылдан бері қол ұшын созып жүрген Александр Әжғалиевке,   неміс этно мәдени бірлестік өкілдеріне, «Конденсат» компаниясы, «Балзия» кондитерлік фабрикасы басшыларына, облыстық мәслихат депутаты Ляна Тұрсыноваға, жергілікті әкімшілік өкілдеріне арнайы барып, шексіз алғыстарын білдірді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»