БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
«Спорт – денсаулық кепілі» деген қағиданы берік ұстанған «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешеніне қарасты Республикалық жоғары техникалық колледжінің ұжымы мен студенттері әрдайым қамқорлық танытуға көңіл бөліп жүреді. Олар қайырымдылық айлығы шеңберінде облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына арнайы барып, спортты жанындай жақсы көретін тәрбиеленушілерге ерекше қуаныш сыйлады.


Студенттерді аталмыш колледждің Кәсіптік бағдар беру маманы Аңсар Сапиев бастап барды. Жас өрендер «Молния», «Турбо», «Достық» топтарына бөлініп, «Жуылған кірді жай», «Қасықпен доп тасу», «Арқан тартыс», «Қаппен секіру», «Кенгуру» аталымдары бойынша берілген тапсырмаларды орындап, жүгірді, секірді, өнерге де кезек берді. Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының қызметкері Гүлнұр Сабырқызы ана-анасының қорғауынсыз қалған бүлдіршіндерге қолдау көрсетіп, жандарын жадыратқан, көңілдерін бір сергіткен жастарға ризашылығын білдірді.
Жарыс нәтижесінде ең үздік спортшыларға жекелей сыйлықтар, мақтау қағаздар тапсырылды. Дегенмен, бастысы жеңіс емес, достық пен бірлікті насихаттау дейді ұйымдастырушылар.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу