БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
«Ақ желкен» мүгедектер қоғамдық бірлестігі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
– Шын мәнінде балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, денсаулығын сақтау, білім мен тәрбие беру кез келген адамның міндетіне кіруі керек. Бүлдіршіндер бейбіт өмірде аман-есен өссін, – деген «Ақ желкен» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Мирас Карабинов барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтап, мерекелік шараны көңілді өткізуге шақырды.
Аниматорлардың қатысуымен өткен ойын-сауық бағдарламасына қатысқан балалардың қуанышында шек болмады. Түрлі ойындарға қатысып, бақытты сәттерді бастан өткерді. Сайқымазақтың қойылымы, пицца мен түрлі сусындар қойылған мерекелік үстел, әр балаға тарту етілген сыйлық, сабынды көпіршік шараның шырайын аша түсті.
«Светлячок» турбазасында өткен мерекеге 2019 жылдан бері «Инватакси» қызметін қолданып жүрген барлығы 180 бала қатысты. Мейрамды шынайы сезінген балалар шат көңілмен тарқасты.
Ләззат Нұрғазиева, Жасқайрат Айбардың әжесі:
– Орал қаласына Ақжайық ауданынан көшіп келдік. Үш немерем бар. Егіз немеремнің біреуі ерекше болып туылып, 8 ай аппаратта жатты. Қазір жағдайы шүкір. Ата-анасы ауылда. 9 жыл болды өзім күтіп-бағып отырмын. Осы немерем үшін қалаға қоныс теуіп жатқан жайым бар. Бүгінгі шара көңілімнен шығып, шабыттанып ән салдым. Үйде үнемі немереме ән саламын, бірге би билейміз.
Роза Өмірзақова, Ханзада Сұлтанның әжесі:
– «Ақжелкендіктерге» айтар алғысым шексіз. Жұмыстарыңыз өрлей берсін. Балаларға ұнады. Баршаңызды балалар күнімен құттықтаймын.Сәбилеріміз ауырмасын. Балалар әр кез ата-ана мейірімі мен ізгі ниетті жандардың қамқорлығынан нәр алып өссе, олардың келешегінің нұрлы болары сөзсіз.
Ләззат Қуаналиева, Әдемінің анасы:
– Балаларға жасаған қамқорлығы үшін ыстық ықылас пен алғысымызды білдіреміз. Бұл бүлдіршіндердің асыға күтетін күні! Біздің балаларымыз үшін тамаша шара ұйымдастырған «Ақ желкен» қоғамдық бірлестігінің басшысына алғысымыз шексіз. Жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Жайма шуақ жайдарлы жаздың алғашқы күні халықаралық дәрежеде балалардың мерекесінің тойлануы – сәбилерге көрсетілген құрмет деп білемін.
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру




Пікір үстеу