8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қазан 2019 2503 0
Қоғам

БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫ КӨТЕРІЛЕДІ

Балабақшалардағы тәрбиешілердің еңбекақысы көтеріледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектеп дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін оқытуды алып тастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, тәрбишілердің еңбекақысын көтеру ескерілген», – деді А. Аймағамбетов Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау барысында.

Министрлік мәліметіне қарағанда, Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде елдегі мектепке дейінгі ұйымдар желісі балабақшалар салу, жеке балабақшалар, шағын орталықтар ашу және басқа да енгізу тәсілдері есебінен 1839 бірлікке көбейген. Сәйкесінше, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 13,6 пайызға артты. Барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде балабақшалар – 6 470, шағын орталықтар – 4 203. Контингент 775 164 адамды құрайды (2015 ж. – 758 772 адам).

Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың басымдығы мемлекеттік-жекешелік әріптестікке негізделген. Соңғы жылдары білім беру саласына бизнесті тарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Елдегі мектепке дейінгі ұйымдардың 38,2 пайызы (4082) жеке меншік болып отыр, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 18,1 пайызға (20,1%) артық.

 

Ақпарат көзі: inform.kz 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
67 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
115 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
155 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
413 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
433 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»