8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Наурыз 2021 1735 0
Қоғам

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

 Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесі әрқашан өзекті. Әсіресе, жасөспірімдік кез – бұл барлық отбасы мүшелерін жан-жақты сынайтын, ересектерден даналық пен сауаттылықты талап ететін кезең. Қазір әр ата-ана баламен достық сенімді қалыптастыру күнделікті тынымсыз жұмыс екенін ұғынады.

2018 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 35-тен астам елде тиімділігін дәлелдеген «Берік отбасы» халықаралық жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның басты кейіпкерлері –  NIS қауымдастығының жаңа мүшелері – 7-сынып оқушылары және олардың ата-аналары. Тренингтің жеті бөлімі адам өміріндегі ең маңызды құндылықтарға – қалайша отбасы құндылығын сақтауға, арманға жетуге, күйзелісті жеңуге, қысымға қарсы тұруға, жақсы жетістік үшін көтермелеуге, «махаббат пен шектеуді» қолдануға, есірткі мен басқа да зиянды нәрселерден сақтандыруға болатынына арналған. Онлайн режимде аталған жоба «Біз – қарапайым отбасымыз» атауымен жалғасын табуда

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-психологы Ақтоты Қазбекова бәрі қалай басталғанын айтып берді. Психологтар мен кураторларды әлемнің үздік университеттері қатарындағы Oxford Brookes University өкілдері Дебби Ален және Линдси Кумбс арнайы  оқытқан болатын. Жоба аясында ата-ана мен баланың бір-бірін жақсы түсінуі үшін психологиялық жаттығулар, техникалар, рөлдерге ену үшін арнайы «Ата-ана, ересек, бала» сессиясы  өткізіліп, отбасылық өмірден алынған кейстер талданды. Ересектер жағдайды талдауға, балаларды қолдауға және олардың психологиялық жағдайларын білуді ​​үйренсе, жасөспірімдер стрессті жеңуге және достарымен қарым-қатынасты жақсартуға арналған құралдармен танысты.

– Бағдарлама басталғалы біз 100 отбасыны оқыттық. Жоба балаларға да, ата-аналарға да толық психологиялық қолдау көрсетуге мүмкіндік берді, – дейді мектептің психологиялық қызметі.

Ата-аналар бағдарлама арқылы жинақталған тәжірибе балалармен диалог құруға және олардың тілектері мен қажеттіліктері туралы сөйлесуге мүмкіндік бергенін мойындайды. Әсіресе, бұл карантин кезеңінде өте маңызды болған.

– Ата-ана мен баланың арасындағы дұрыс, сауатты құрылған қарым-қатынас отбасындағы ауа-райына  ерекше әсер етеді. Ата-анаға бала тәрбиелеу ісінде қандай тиімді қадамдар жасауы керек, отбасы ережелері мен құндылықтары сияқты тақырыптар біз үшін құнды болды, – дейді 7-сынып оқушысы Нұрдана Махамбеттің анасы Асылзада Машжанова.

Мектепте балаларды тәрбиелеудегі проблемалық мәселелерді шешуде білікті психологиялық көмек көрсетіледі, бұл «Берік отбасы», «Біз – қарапайым отбасымыз»,«Өзгермелі әлемдегі мектеп және отбасы» жобалары және түрлі тақырыптағы вебинарлар сериясы.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
85 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
288 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
291 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
748 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
818 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
836 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
858 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
877 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1246 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1373 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1405 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1680 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1692 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1820 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2112 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2211 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»