8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Сәуір 2019 2263 0
Қоғам

БАЛА ҚИЯЛЫНДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРУШІ

 Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстың жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында балалар суреттерінің дәстүрлі байқауын ұйымдастырды.

Мақсат – мектеп оқушылары арасында өртке қарсы білімді насихаттау, қауіпсіздік тәртібі мәдениетін арттыру, өрттен қорғау тарихына  үңіле отырып оларға өрт сөндіруші мамандығын дәріптеу.

Байқауға облыстың жалпы білім беретін орта мектептерінің оқушылары арасынан жалпы саны 487 оқушы жұмыстарын жолдаған. Барлық суреттерді саралаған комиссия мүшелері үздік суреттерді анықтады. Бірінші орын Орал қаласы №50 ЖОББМ 5-сынып оқушысы Айсезім Сатайға, Екінші орын Орал қаласы №42 «Ақ ниет» гимназиясының 5-сынып оқушысы Даниял Бауыржан мен Орал қаласы №7 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Анастасия Елькинаға, үшінші орын Теректі ауданы Шаған ЖОББМ 5-сынып оқушысы Жанерке Рахимберлиеваға және Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №7 ЖОББМ 5-сынып оқушысы Аманат Сақтеміров берілді.  Теректі ауданы Госплемстанция ЖОББМ оқушысы 7 жасар Әділет Азизов «Ең жас суретші»  деп танылды.

БҚО ТЖД Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының мәліметінше,  байқауға Орал қаласының білім бөлімі 175 жұмыс ұсынса, Теректі ауданынан 134 оқушының суреті түскен. Балаларды байқауға қатыстыруға белсенділік танытқан білім бөлімдерінің басшыларына Департамент басшылығы атынан «Алғыс хат» ұсынылмақ.

Байқауға қатысушылар 6 мамыр күні Департаменттің мәжіліс залында «Отан қорғаушылар күні» мен «Жеңіс күніне» орай ұйымдастырылған салтанатты шарада марапатталады.

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»