8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Сәуір 2019 1644 0
Қалалықтар қаперіне

Байқоңыр қаласын Ресейге жалға беру мерзімі аяқталуы мүмкін

Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы зымыран ұшырылатын алаңдарды ғана Ресей үкіметіне жалға беруді қалдырып, Байқоңыр қаласын Қазақстанның құзыретіне беру мәселесін көтерді.

«Қызылорда өңірінен сайланған Парламент мүшесі ретінде жылына екі рет Байқоңыр қаласымен бірге Төретам, Ақай елді мекендерін аралап, халықпен, кәсіпкерлермен кездесеміз. Байқоңыр қаласында 70 мың халық тұрады. Оның 70%-ға жуығы – Қазақстан азаматы. 1995 жылдан осы кезге дейін Байқоңыр ғарыш айлағына байланысты 18 ратификация мен құқықтық акті қабылданған екен. Бүгін 19-шысын қабылдап отырмыз», – деп бастады сөзін депутат.
Ол өкінішке қарай, Байқоңырда тұратын Қазақстан азаматтарының әлі де болса көптеген мәселесі шешілмегенін айтып, олардың бірқатарын Парламент Сенатының жалпы отырысында көтерді.
«Бірінші, тариф өте қымбат. Екінші, Байқоңыр қаласында кәсіпкерлер несие алу үшін жерлерін жалдатуына байланысты банктегі ғимараттарды қоя алмайды. Біз бұл мәселені 10 жыл бойы көтеріп келе жатырмыз, сонда да шешімін таппады. Үшінші, қосарланған салық төлеу. Мысалы, қазақстандық кәсіпкерлер қосымша құн салығының 12%-ын – Қазақстанға, тауарды алып келген соң 20%-ын РФ-ға төлейді. Тауар 32% -ға қымбаттап шыға келеді. Төртінші, Байқоңыр қаласының инфрақұрылымы. Осы кезге дейін Ресей тарапынан бір тиын ақша салынған жоқ. Біз сала алмаймыз, өйткені Байқоңыр қаласы Ресейге жалға берілген. Бесінші, 2013 жылы шілдеде Байқоңырда протон зымыраны құлап, ауада 60 тонна гептил жарылған болатын. Сол кездегі министрлік осының шығыны 13 млрд үстінде деп есептеп, Ресейге берген. Осы кезге дейін одан әлі хабар жоқ. Сұрақ: осы жоғарыда айтылған мәселелер қай уақытта шешімін табады? Таппайтын болса зымыран ұшырылатын алаңдарды ғана Ресей үкіметіне жалға беруді қалдырып, Байқоңыр қаласын Қазақстанның құзыретіне беру туралы сіздің пікіріңіз қандай?» – деп сұрады Бақтиярұлы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожиннен.
Нұрғожин бүкіл сұрақтар мемлекетаралық комиссияның бақылауында екенін, ал қаланы кезек-кезеңімен жалға беруден шығару Қазақстан тарапының күн тәртібінде тұрған мәселе екенін атап өтті.
«Біз Қазақстанның ішкі мемлекеттік органдарымен бірге осы жағдайдағы артықшылықтарды және кемшіліктерді, шығу жолдарын егжей-тегжейлі талқылаудамыз. Ресей ғарыш басшылығымен ауызша талқыладық. Бұл оңай мәселе емес. Артықшылығы да, кемшілігі де бар. Талқылаулар туралы сізге жеке хабарлайтын боламыз», – деп жауап берді министрдің міндетін атқарушы.
Ол нақты сұрақтарға да жауабын беріп, тариф бағасын төмендету қалай жүзеге асатынын айтып берді.
«Тариф саясаты – Қазақстан азаматтары қаншама жыл арқалап келе жатқан өте дұрыс көтерілген мәселе. Мемлекеттік органдардың талқылауында Арнайы экономикалық аймақ тұжырымдамасы жатыр. Онда күн электр станциясы жобасы қарастырылып жатыр. Қызылорда облысы әкімдігімен бірге инвесторларды тарту көзделіп отыр. Осы сәуірде Мәскеуде Энергетика министрлігі қаланы және ондағы нысандарды газдандыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Бұл газ жеткізу тарифтерін айтарлықтай төмендетеді және сұйылтылған газдан табиғи газға өтуге ықпал етеді. Қазірдің өзінде 5 қазақстандық мектеп, балабақша, медицина орталығы қосылды. Қазір Байқоңыр қаласы әкімшілігі тұрғын үйлердің ішіне газ тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл да тариф саясатына әсер етеді», – деп айтты ведомство басшысы.
Нұрғожин Қазақстан тарапы Байқоңыр қаласындағы сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатқанын айтты. Ал қосарланған салықтан босату туралы РФ Мемлекеттік думасында заңнама қаралатынын мәлімдеді.
«Қосарланған салық –  өзекті мәселе. 2017 жылы келісім хаттамасына сәйкес бизнестің ірі санатындағы кәсіпкерлер қосарланған салықтан босатылды. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес осы жағдайға тап болды. Қаржы министрлігі мәселені шешу үшін Ресеймен жақсы жұмыс істеп жатыр. Ресейдің Қаржы министрлігімен Байқоңырда жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қосарланған салық салудан босататын Салық кодексіне өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңында РФ Мемлекеттік думасымен заңнама қабылданады деп күтілуде», – деп сөзін түйіндеді ол.
Айта кетсек, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «1995 жылғы 23 желтоқсандағы ҚР мен РФ арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заң жобасы мақұлданған болатын.
ҚР Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева да осы мәселеге қатысты өз ойын айтты.
«Бұл мәселе бойынша бірталай жұмыстар алдымызда тұр. Бір күнде бәрі шешілмейді. Бірақ та осыған әлдеқашан назар аударып отырсақ, алға жылжитынына сенімдімін», – деді Назарбаева.

 

https://baq.kz/news/othernews/bay-o-yr-alasyn-reseyge-zhal-a-beru-aya-taluy-m-mkin/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
332 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
434 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
677 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
944 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1168 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1207 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1360 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1553 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1785 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1872 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1984 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1989 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2023 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2022 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2129 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2351 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»