БАҚЫТТЫ НЕКЕНІҢ СЫРЫ
Отбасының бұзылуының басты себебі – өзара түсініспеушілік. Жаңа өмірге бейімделудің орнына әрқайсысы өзінің үйреншікті әдетінен арылғысы келмегендіктен, отбасында үйлесімділік болмайды. Салдарынан кикілжің басталып, соңы айрылысуға алып келеді. Осы орайда, жас отбасыларға қолдау көрсету маңызды. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізіндегі «Жас отбасы» жобасын жүзеге асыру аясында «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің отау құруға ниеттенген жұптар арасында жүргізген «Отбасылық қарым-қатынас бүгін және ертең: үйлесімділік, психологиялық болжам және үйлестіру тәжірибесі» тақырыбында ұйымдастырған тренингі бақытты отбасының ерекшелігі мен мінсіз үйлесімділік туралы сұрақтарына жауап алуына мүмкіндік берді.

Тренингті жүргізген тәжірибелі отбасылық психолог Әдемі Аянғалиеваның айтуынша, отау құрудың алдында болашақ ерлі-зайыптылар бір-бірін түсінісіп, жол беруге дайын болуы керек. Көптеген жас жұбайлардың басты қателігі – әрқайсысы өзінің ойын алға тартып, кішірейгісі келмеуі.
– Психология заңдылығы бойынша ер азаматтар өзгермейді, өзгеретін әйелдер ғана. Бірақ, көптеген әйелдер отбасын құрған соң, күйеуін өзгертуге тырысады. Бұл мүлде іске аспайтынын есте ұстау керек. Өйткені ер адамдар жаратылысынан қандай болса, өмір бойы сол табиғи мінез-құлқында қалады. Ал ерлер өз әйелдерін қыз күнінде қандай болса, дәл сол қалпында қалғанын қалайды. Бірақ, жоғарыда атап өткенімдей, әйелдер өзгереді. Бұл ер азаматтарға ұнамайды. Осындай қарапайым жайттардан түсініспеушілік туындай бастайды. Оған «Менің айтқаным ғана дұрыс шешім» деп, бір-бірінің пікірімен санаспау, ерлі-зайыптылық міндеттерін дұрыс бөліп алмау сынды тұрмыстық проблемалар қосылады, – дейді психолог Әдемі.
Көп жағдайда ер азаматтар өз міндеттерін табыс табумен ғана шектейтіні белгілі. Олардың ойынша, қалған отбасылық шаруаның барлығын әйел адам реттеп отыруы керек. Бұл жағдайда әйелдер ер адамдардың әрдайым көмектесіп жүргенін қалайды екен. Яғни, отбасын құрудың алдында жұптар осындай қарапайым жайттардың өзін өзара талқылап алғандары дұрыс.
Отбасылық өмірге бейімделудің алғашқы кезеңі отау құрған бірінші айдан үш айға дейін жалғасады. Осы уақытта жас отбасыға бір-бірімен тіл табысып кетуіне көмектесуі үшін арнаулы мамандардың немесе жақын туыстардың бірінің көмегі қажет болады. Психологтың пікірінше, егер жас отбасы өздерімен өздері қалса, кикілжің туындайтыны анық.
– Себебі ерлі-зайыптылық өмірге дейін олар бір-бірін толық танып үлгерген жоқ. Олар бір-біріне көрсеткен образды ғана сүйді. Отбасылық өмірге қадам басқан сәттен олардың жаңа образдары ашыла бастайды. Осы кездегі бейімделу кейбір жұптарда болмауы мүмкін. Жігіт немесе қыз отау құруға қадамды жасағандарына өкінетін жағдайлар да кездеседі. Сол себепті некеге тұрудың алдында бір-бірін толықтай зерттеп алғандары дұрыс, – деп түсіндірді психолог.
Осы мақсатта тренинг барысында жас жұбайлардың бір-бірінің әдеттерін, мінез-құлықтарын білуіне қатысты бірнеше психологиялық тесттер жүргізілді.


Эльмира Нұғманова
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу