Бақұл болыңыз, Зауя апай!
Өңірімізге тағы бір қайғылы хабар келіп жетті! Кеше, 25 қазан күні Ақ Жайық өңірінде туып-өскен танымал азаматша Зауя Сарықызы өмірден өтті.
Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ұстазы Зауя Сарықызы Иргалиева 1948 жылы БҚО Зеленов ауданы Бакаушино ауылында дүниеге келген. Ростошин орта мектебін бітіргеннен кейін А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Зауя Сарықызы 40 жыл ұстаздық қызмет атқарды. Ол жарқын мінезді, жанашыр ұстаз, аяулы ана, мейірімді әже болды.
Білікті де, білімді ұстаздың қол қанатында білім мен тәрбие алған шәкірттері үнемі үздіктердің қатарынан табылды. Оқушылары ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл жинап, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Өмірлік ұстанымы- шәкірттерінің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отан, туған жер алдындағы азаматтық борышты ұғындыру болатын. Зауя Сарықызы әріптестерінің, оқушылардың, достарының, туыстарының арасында өте сыйлы еді.
«ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенің құрылтайшысы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының БҚО филиалының төрағасы, академик, Орал қаласының құрметті азаматы Әйтімов Ақсерік Сарыұлына әпкесі Зауя Сарықызының кенеттен қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
Бақұл болыңыз, Зауя апай!
Көңіл білдірушілер: «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» Ғылыми Білім кешені және «Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық» колледжі , Республикалық Жоғары техникалық колледжі, «Андас» оқу орталығы мен Ақпараттық технологиялар лицей-мектебінің ұжымы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу