8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Маусым 2020 1262 0
Қоғам

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ

 Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын мамандықтардың алуандануына аса көңіл аударып отыр. Оған дәлел ағымдағы жылдың  27 мамыры – Қазақстан тарихындағы маңызды күн саналуы. Президент бастаған бүкіл ел білім беру мәселелерін талқылады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы білім беруге баса назар аудара отырып, адам капиталына толығымен арналды.

Тақырып өте өзекті. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет үшін адами капитал басты өлшемге айналғанын атап, жаңа ахуал білім және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отырғанын жеткізді. Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. «Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз»  деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Пандемия бізді қашықтан оқытуға көшуге мәжбүр етті. Шын мәнінде, барлығы бірге жалпыұлттық ашық онлайн сабағынан өтті және енді ел басшылығы деңгейінде қорытынды жасаймыз. Пандемия еліміз үшін оңай түспегені анық, кенеттен дәстүрлі оқудан  қашықтан оқытуға ауысу педагогтерге де, ата-аналар мен балаларға да үлкен серпіліс болғаны рас. Бірақ артқа көз жүгіртіп қарасақ, ол кезеңді де абыроймен атқарып шыққанымыз қуантарлық жәйт. Дегенмен, пандемия кезеңінде білім мен медицина саласында әлсіз тұстарымыз да байқалды. Президентіміздің  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысын дәл осы мәселелерге арнауы осыдан деп білеміз. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:  «Техникалық және кәсіптік  білім  беруді қарқынды  дамыту қажет. Техникалық және кәсіптік білім берудегі маңызды  реформалардың бірі академиялық еркіндік және  кредиттік жүйеге көшу болып табылады» деген болатын. Мемлекет басшысы атап кеткен  академиялық еркіндік  Республикалық жоғары техникалық колледжінде 2013 жылдан бері қолданысқа ие және ІТ-технология және телекоммуникация  саласы бойынша мамандарды дамыту үшін дүниежүзілік банктің институционалдық даму жобасы шеңберінде 90 млн. теңге көлеміндегі гранттың  иегері болғанын атап кету керек. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты, білімді, білікті, іскер, бәсекеге қабілетті маман даярлауда әрбір білім алушыны жан-жақты ізденуге, өздігінен тың жаңалықтар ашуға, қай салада болмасын, ғылыми жұмысқа деген бейімділігін қалыптастыру көзделуде.

Республикалық жоғары техникалық колледж 2008 жылы құрылды. Санаулы жылдардың ішінде едәуір жетістіктерге қол жеткізіп отыр. «TALAP» КЕ АҚ рейтингі бойынша 276 техникалық және кәсіптік білім беру   ұйымдарының ішінен 113-ші орынға ие болды.  Әрине, бұл көрсеткіш арқаны кеңге жайып отыратын меже болмаса да, он жылдан астам уақыт ішінде шептің ортасында жүруіміздің өзі біз үшін жақсы нәтиже деп білеміз. Колледж еліміздегі  басқа да бәсекеге қабілетті техникалық және кәсіптік колледждармен терезе теңестіріп қана қоймай, жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру жұмысын әлдеқайда жақсартып, әлемдегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының қатарынан табылу үшін жұмыстануда. Мәселен, 2020 жылдың сәуір-маусым аралығында колледж СМЖ ҚР СТ ISO 9001-2016 талаптарынан өтуге тапсырыс беріп, қазіргі уақытта басқару құрылымы СМЖ шеңберінде жұмыстануда. Пандемияға байланысты сертификатты табыс ету уақыты шегерілген болатын. Бұйырса, сертификатқа қол жеткізсек, қыркүйек айында аккредитациядан өтуді жоспарлап отырмыз. Бұл колледжіміздің  бір орында тұрып қалмай, заман мен технология қарқынына ілесуінің ілгері қадамы.

Республикалық жоғары техникалық колледжінің өзіне артып отырған міндеттері бар. Ол бизнес-процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдана отырып, колледждің заманауи білім беру, зерттеу және инновациялық инфрақұрылымы негізінде Қазақстанның батыс аймағының технологиялық салаларын кадрлық қамтамасыз етудің бірегей кәсіби орталығы болып табылады. Міндеттерімізге қолжетімділігімізді арттыру үшін академиялық еркіндік мазмұны мына механизм бойынша іске асырылады. Біріншіден, оқу бағдарламалары әлеуметтік әріптестердің  талаптарын ескере отырып, құрылады. Әлеуметтік әріптестер келісімшарттар  және меморандум негізінде болашақ мамандарды даярлау процесіне атсалысып жүреді. Студенттердің тәжірибеден өтулеріне немесе бітірген соң мамандығы бойынша жұмысқа орналасуларына қолдау көрсетеді. Өз тараптарынан практикадан өткен кезде көзге түскен студенттерге жоғары жалақы ұсынып, жұмысқа қабылдап жатқан әріптестер қатары баршылық.   Аймақтың еңбек нарығын талдау негізінде жіктегіштің жаңаруына байланысты қолда бар мамандықтар бойынша жаңа біліктілікті енгізу жоспарлануда. Республикалық жоғары техникалық колледжінде 1304000 «Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавр кредиттік технология негізінде эксперименталды режимде даярлануда. Бұл мамандықта білім алушы студент бірқатар артықшылықтарға ие болады Атап айтсақ, студенттер техникалық кәсіптік білім беру бойынша дипломын және үш біліктілік сертификатын алады. Сонымен қатар оқу процесі практика бағытына негізделіп оқытылады және жоғары оқу орнында жедел, яғни әдеттегідей  үш жыл емес, екі жылға жуық білім алуға мүмкіндік  береді.

Сонымен қатар Республикалық жоғары техникалық колледжі үш жыл қатарынен «WorldSkills» облыстық чемпионатына қатысып келеді. Биыл да екі жаңа құзыреттілік «Мобилдік робототехника» және «Желілік және жүйелік басқару» бойынша тапсырыс беріп отыр. «WorldSkills» байқауына қатысу – біз үшін тәжірибе алмасудың бірден-бір құралы. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» демекші, осындай маңызды байқауларға қатысу арқылы өзіндік талдау жасап, мінімізді түзетуге серпін аларымыз анық.

«TALAP» КЕ АҚ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  қозғаушы операторы болып табылады. Республикалық жоғары техникалық колледжінде осы аталған ұйымның төрт штаттан тыс тренері бар. Олар жылына бір-екі рет  облыс және аудандық ТжККҰ  кадрларына біліктілік курстарын өткізіп, білікті мамандардың қатарын толықтыруға өз үлестерін қосуда.

Жаһандық пандемия кезінде еліміздің білім ордалары қашықтан оқыту процесіне түбегейлі көшсе де, оқу процесінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа толыққанды ауыстыруға қазіргі заманғы  технологиялар  мүмкіндік бергенімен,  халық түрлі пікірде болды. Бірақ ойлана келе, өздерінің және балаларының өмірлері үшін көнді, себебі қашықтан оқыту карантин  жағдайында  оқу процесін үзбей  жалғастыруға  мүмкіндік берген бірден-бір оқу түрі болды.

Мектептен бұрын қашықтан оқытуды жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары ерте бастады.

Соның бірі – Орал қаласындағы Республикалық жоғары техникалық колледжі. Ағымдағы жылы наурыздың 16-сынан бастап колледж оқытушылары санаулы күннің ішінде жағдайға тез бейімделіп, барлық мамандықтарды қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.  Колледжіміздің  ІТ-технологиялар бөлімі шектеулі мерзім ішінде педагогтерге  онлайн оқытудың қыр-сырын ұйымдастырып, оқытушылар ұйымшылдық танытуы нәтижесінде білім беруді таратудың жаңаша технология көздерін тез меңгеріп, өз қызметтеріне жедел кірісті.

Алғашында, оқытушылар студенттермен «ZOOM» компьютерлік бағдарламасы арқылы  онлайн сабақтар өткізді. Кейін қашықтан оқыту сабақтарының тиімділігін арттыру үшін және қолдану аясын кеңейту мақсатында «Coogle Classroom» бағдарламасына көшірілді. Қазіргі уақытта оқытушылар осы бағдарлама арқылы сабақтарын оңтайлы ұйымдастырды. Сабақ кестесіне сәйкес әрбір оқытушы пәні бойынша өз материалдарын жүктеп, студенттермен Classroom, whatsapp желілеріне хабарлама жолдау арқылы үнемі байланыс орнатып отырды. Тапсырмаларын бағалап, электрондық журналға бағасын енгізді.

Карантин уақытында педагогтер босаңсымай, керісінше, шығармашылық тұрғыдан білімдерін жетілдіруде. Күнделікті сабақ материалдарын жаңартып, түрлендіріп, студенттердің жан-жақты білім алуларына жағдай жасауда. Оқытушылар оқыту пәндері бойынша әдістемелік оқыту кешендерін, бейне сабақтарын дайындап, қолдануда. Басқа оқу орнының озық оқытушыларымен әдістемелік конференциялар ұйымдастырып, өздерінің  педагогтік тәжірибелерімен алмасуда. Сабақ  материалдарына аудио, бейнежазба, өзге де білім көздерін пайдаланды. Педагогтер әдістемелік көмекші ретінде www.bilimland.kz., Imektep.kz.,  opig.kz. kisipkor.kz., тағы басқа білім сайттарын қолданды. Колледж өз студенттерін онлайн түрде ұйымдастырылған әр түрлі олимпиадаларға, сайыстарға, байқауларға қатыстырып, шәкірттері жүлделі орындарды иеленді.

Әрине, кейбір студенттерге қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім алу қиындықтар туғызды. Мәселен, шаһардан шалғай орналасқан елдімекендерде  ғаламтор желісі мүлдем жоқтың қасы немесе байланыс желісі мүлдем орнатылмаған. Колледж әкімшілігі оның бәрін ескеріп, Coogle Classroom  платформасына шығуға мүмкіндігі жоқ студенттерге жергілікті пошта байланыс бөлімшелері арқылы және whatsapp желісі арқылы тапсырмаларды жолдап, студенттермен  кері байланыс орната білді.

Колледж басшылығы алдында  карантин кезінде күнделікті сабақ беруді бақылаудан басқа жауапты жұмысты іске асыру күтіп тұрды. Ол  студенттердің  ағымдағы және мемлекеттік емтихандарын,  дипломдық жобаларын қорғау жұмыстарын және қабылдау жұмыстарын онлайн режімінде ұйымдастыру мәселесі болатын. Осылардың оңтайлы шешімін табуы үшін колледж «Smartnation College» АЖ-ымен келісімшартқа отырып, оқуға қабылдауды осы аталмыш ұйым арқылы жүйелі іске асырып келеді. Мемлекеттік емтихандар және  дипломдық жобаларды қорғау процесі Coogle Classroom және  ZOOM компьютерлік бағдарламасы арқылы жұмыс беруші мен әлеуметтік серіктестіктердің қатысуымен жүзеге асырылуда.  Онлайн режимін әрі қарай жетілдіру мақсатында жаңа  «қалыпсыз білім беру»  оқыту моделін меңгеру үстіндеміз.

Республикалық жоғары техникалық колледжінде 2020-2021 жылға арналған қабылдау комиссиясы жаңа форматта жұмыстануда.  Колледжіміздің  сайты арқылы онлайн режимінде қабылдау жүргізеді. Кәсіптік бағдар беру бөлімі жыл бойы нарық еңбегіне талдап және мониторинг  жүргізіп, қала және аудан мектептеріне аяқтай барып, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазіргі таңда колледж туралы ақпараттарды әлеуметтік желілерден және колледж сайттарынан алуға болады. Колледж сайтты карантин уақытында үнемі жаңартылып, педагогтердің және студенттердің жетістіктері, бейнесабақтар уақытылы жарияланып отырды.  Республикалық жоғары техникалық колледжі кәсіптік бағдар беру жұмысының қамту аймағын кеңейту мақсатында қаламыздың  бірнеше мектептерімен және  облыстық білім беруді дамыту және спорттық робототехника мекемелерімен меморандумға отырып, бірлесе жұмыстануда.  Жыл бойы «Ашық есік күні»  іс-шаралары ұйымдастырылды. Колледж базасына тек қала мектептері ғана емес сонымен қатар аудан мектептері де келіп, оларға  арнайы  мұнай-газ, талшықты-оптикалық зертханаларында, робототехника бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.  Өңірімізде бірінші болып  облыс және қала мектептерінің  оқушылары  үшін Киберспорт сайысы ұйымдастырылды. Жыл сайын  техникалық мамандықтарды даярлау бойынша «KazEnergy»  мұнай өңдіруші кәсіпорын мемлекеттік тапсырыс бойынша гранттар бөледі. Осы грант иегерлері техникалық мамандықта тегін оқып қоймай, шәкіртақы иегері болады.

2015 жылдан бері колледжіміз пилоттық негізде  дуальдық оқыту жүйесін енгізді.  1304 000 «Электрондық есептеу техникасы бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы  дуальдық оқыту жүйесімен оқып келеді. РЖТК «IT Group Kazakstan» ЖШС үш жақты келісімшартқа отырды. Дуальдық оқыту жүйесін тек басқа да мамандықтарға енгізу қарастырылуда.  Дуальдық оқыту  бойынша  педагог-инженерлік құрам  әлеуметтік  әріптестіктердің базасынан тағылымдамадан өткен болатын.

Жоғарыда қол жеткізіп отырған жетістігіміз  жалғыз басшының еңбегі ғана емес, осы колледж  қабырғасында қызмет етіп, карантин уақытында колледж мәртебесін түсірмей, ел қатарлы шыдамдылық танытып, өздерінің шығармашылық ізденістерін тоқтатпай, керісінше, қиындықтарға мойынсұнбаған ұжымның жемісті еңбегі. Колледж ұжымына жауапты кезеңде жұмыла білгендері үшін,  сарапшылардың  сын тепкілеріне тойтарыс беріп,  тез арада мобилді ұйымшылдық танытып, батыл шешімдерді қабылдай алғандары үшін шексіз алғыс білдіремін.

Анара АЙМАҒАНБЕТОВА, Республикалық жоғары техникалық колледжінің директоры

Колледж мекенжайы: Орал қаласы Фрунзе көшесі 20/1-құрылым.

Телефондар: 8 (7112)25-50-52,  8 (7112) 51-35-70

Факс: 8 8 (7112) 50-34-20.

Электронды пошта: vtsh_08@mail.ru

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
213 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
374 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
409 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
679 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
692 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
819 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1125 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1215 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1239 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1451 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1724 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1945 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1985 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2131 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2330 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»