8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қаңтар 2021 1267 0
Қалалықтар қаперіне

БӨРЛІ АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРГЕ ШАҒЫН АВТОБУСТАР БЕРІЛДІ

Автобустар үнемделген аудандық бюджет қаражаты есебінен алынып, 15 мектепке берілді. Бұл туралы Бөрлі аудандық әкімдігінің инстаграмдағы парақшасында аудан басшысы Миржан Сатқанов жазды.

«Өткен жылдың үнемделген аудандық бюджет қаражаты есебінен ауданымыздың 15 мектебіне шағын автобустар алып беру мүмкіндігі туды. Бұл аудан тұрғындары, мектеп ұжымдары, оқушылары үшін үлкен қуаныш. Бүгін аталған автокөліктерді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мектеп ұжымдарына табыстай отырып, оқушыларының тасымалына, олардың сапалы да саналы білім алып, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын азамат болып өсіп жетілуіне септігін тигізеді деп сенім білдірдім»,- деген жазбада Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов.

Сондай-ақ аудан басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына қатысты мәселелерге ерекше тоқталып, білім беру сапасын жақсарту, балалардың қабілетін дамыту, ұстаз мәртебесін көтеру, мұғалімдердің жалақысын өсіру, қолжетімді әрі сапалы білім беруде мемлекет қарапайым мектептерге қолдау көрсетеді» деп атап көрсеткендей, ауданда білім беру саласын дамытуда жүйелі іс-шаралар іске асырылып жатқанын жеткізді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
111 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
61 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
295 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»