БӨРЛІ АУДАНЫНДА «РАМАЗАН СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Жылына бір рет келетін, сауаптары еселеніп берілетін мүбәрәк – Рамазан айында қайырымдылық жасау үлкен сауапты іске жатады. Осындай қайырымдылық жасау мақсатында Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті және «Берекелі жамағат» қайырымдылық қоры айлардың сұлтаны Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуенін ұйымдастырды.

Кімде-кім рамазан айында кедей-кепшік, жетім-жесірге қол ұшын созып, көмек көрсетсе, Алланың мол сауабына кенелері сөзсіз. Бұл туралы Қасиетті Құрандағы Ниса сүресінің 127-ші аятында «Қайырдан не істесеңдер, Алла оны күдіксіз біледі» делінген.
Қайырымдылық керуені аясында Бөрлі ауданының шалғай жатқан Қанай, Бөрлі, Бумакөл, Приуралье, Жарсуат ауылдарындағы 50 отбасына азық-түлік салынған сөмкелер таратылды. Әр сөмкеде құрма, күнбағыс майы, ұн, картоп сынды күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері қамтылды. Осы аптадағы «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуеніне 300 мың теңгедей қаражат жұмсалған.
«Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі – қайырымдылық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген. Қайырымдылық жасау біздің рухани дүниемізді жақсартып қана қоймай, сонымен бірге, қоғамды да жақсы жағына қарай өзгертеді. Сондықтан, мұсылман баласы қасиетті айда барынша қайырымдылық жасап, жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созуы үлкен сауап» – дейді Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов.
Қол ұшын сұраған әрбір адамға көмек көрсету, жақсылық істеу – Рамазанда сауабы еселенетін көркем істерден. Аудандық мешіт тарапынан қайырымдылық істері алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу