8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қыркүйек 2021 2359 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының лауазымына Халелов Алдияр Сансызбайұлы тағайындалды.

Халелов Алдияр Сансызбайұлы 1958 жылы туған. Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративті – құрылыс институтын «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

Әр жылдары:

– Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданындағы Желаев аудандық арнайы ауылшаруашылық бірлестігінің аға инженер-гидротехнигі, кәсіподақ ұйымының төрағасы;

– Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданындағы М.Маметова атындағы колхозының партия комитетінің хатшысы;

– Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданының Трекин ауылдық Кеңесінің төрағасы;

– Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданының Трекин ауылдық округінің әкімі;

– Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің орынбасары;

– Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімі;

– Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі болып жұмыс жасады.

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әкімі қызметін атқарды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
64 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
107 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
61 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
292 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»