8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2021 2634 0
Дені сау ұлт

БҚО ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 41 ПАЙЫЗЫ ЕКПЕ АЛДЫ

 Бүгін, 16 шілде күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте обыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев вакцинация алу арқылы пандемияны тоқтатуға болатынын атап өтті.

2021 жылдың  1 ақпанынан бастап өсу қарқынымен вакцинаның 1-ші компонентін  147 611  адам алған. Бұл – облыс тұрғындарының 41 пайызы. 2-ші компонентін 80 971 адам (22,4 пайыз) алған.

– Екпе  жұмыстары жалғасуда. Кеше мемлекеттік  бас санитариялық дәрігерінің №32 қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, вакцинацияның бірінші кезеңі 10 тамызға дейін, екінші кезеңі 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Пандемияны вакцинация арқылы ғана тоқтата алатынымыз атап өтемін,  – деді Мұхамғали Арыспаев.

Батыс Қазақстан облысында 2021 жылдың 1-ші ақпанынан бастап халықты коронавирустық инфекцияға қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау жұмыстары басталды. Облыс бойынша барлығы 66 екпе пункті жұмыс істейді.

Спикер қазіргі уақытта облыста Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax, Коронавак вакциналары бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері өңірде коронавирустық инфекцияның 27 819 зертханалық расталған жағдайы анықталды. 1 шілдеден бері COVID-19-дың 2836 жағдайы тіркелген.

 Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»