8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Тамыз 2023 2585 0
Спорт

БҚО тұрғындары 10 шақырымдық марафонда жеңімпаз

Атырау облыстық дін істері басқармасы мен «Жәрдем-Атырау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 10 шақырымға жүгіру марафоны өтті.

«Марафон саламатты өмір салтын насихаттау, жастарды бұқаралық спортпен белсенді айналысуға шақыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Тәуелсіз еліміздің гүлденуіне әр азамат өз үлесін қосуы керек. Бұл үшін саламатты өмір салтын ұстануымыз қажет. Бәріміз Ата заңымызды дәріптеп, Отанымыздың патриоты болайық», – деді дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Ізғалиев. Оның айтуынша, марафонға қатысу үшін 700-ге жуық адам тіркелген. Марафонға атыраулықтармен бірге, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысының тұрғындары қатысты.

Мәре сызығын кескен ең үлкен қатысушының жасы – 79-да, ал ең кішісі – 12 жаста. Мәселен, 50 жасқа дейінгі ерлер арасында мәре сызығын БҚО-ның тұрғыны Жарас Айтуаров алғаш болып кесті. Екінші орынды тағы бір батысқазақстандық Ерсайын Қаныбек иеленді. Ал атыраулық Саламат Сатихов мәреге үшінші болып жетті.

Әйелдер арасында бірінші орынға Батыс Қазақстан облысынан қатысқан Жазира Сүйесінова ие болды. Екінші және үшінші орындарды атыраулық Жанаргүл Ермұханова мен Айнагүл Қуанышова иеленді. Сондай-ақ, 50 жастан жоғары қатысушылар арасынан атыраулық Асылбек Ситалиев жеңімпаз атанды. Мәре сызығынан Асқар Қазиев екінші, Есенбек Біләлов үшінші болып өтті.

Дереккөз: inform.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
46 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»