БҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ЖАНЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫ СЫРЫМ АУДАНЫ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
2 сәуір күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Сырым ауданының активімен онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды. Шараға Сырым ауданының әкімі Т.С.Төреғалив, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі М.Т.Әнесов, БҚО әкімдігінің Әдеп жөніндігі уәкілі А.Р. Хайруллина, аудан активі мен әкім аппараты қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» парадигмасы, сыбайлас жемқорлықты тоқтатуы және оның еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сыни көлемдерге дейін тамыр жайдырмауы тиіс, шұғыл және тиімді қарсы іс-қимылдар шараларын қабылдаудың қажеттілігінен туындаған.
Ар тазалығы мен адамдықтың биік шыңы сөз болған жиында облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Мынатаубиік Әнесов ата-бабадан аманат болып қалған адалдық қағидатын қадір тұту қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде департамент басшысының бірінші орынбасары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қол қойған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген өзгерістермен жіті таныстырып, жиынға қатысушыларды қоғамның әділ әрі белсенді азаматы болуға үндеді.
Оған қоса А.Р.Хайруллина қатысушыларды мемлекеттік қызметкерлерге тән әдеп нормаларын сақтауға, ал «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Сәлиева жемқорлықпен қоғаммен бірлесе күресуге шақырды.
Аудан әкімі Т.С. Төреғалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы және жалпы осы ұғымға байланысты жеке пікірін айтты.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу