8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2020 5636 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Конкурстық комиссияның шешіміне және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келісіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы лауазымына Дүйсенов Сайран Темірғалиұлы тағайындалды.


Дүйсенов Сайран Темірғалиұлы – 1962 жылы 3 мамырда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Пятимар ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеттерін «физика және математика», «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:
– Батыс Қазақстан облысы Фурманов аудандық комитетінде білім бөлімінің инспекторы;
– Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал ауданының жастар, туризм және спорт комитетінің төрағасы;
– Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал мәдениет бөлімінің меңгерушісі;
– Батыс Қазақстан облысы Қазталов аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі;
– Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы;
– Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің орынбасары;
– Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

2017 жылдың сәуір айынан бастап Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
103 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
156 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
343 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
336 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»