БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛАУАЗЫМЫНА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ МҮШЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Нұралиев Айдар Аллабергенұлы тағайындалды. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұралиев Айдар Аллабергенұлы – 1986 жылы туған. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2015 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Лондонның Университет колледжін, Женева бизнес мектебін «халықаралық құқық», «құқықтану», «жобаны және корпоративтік басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Ағылшын тілін еркін меңгерген, іскерлік әкімшілік жүргізу магистрі. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Әр жылдары:
– БҚО аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бақылау жөніндегі жетекші маманы;
– ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі халықаралық қатынастар департаменті Рейтингтік агенттіктермен және халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара іс-қимыл басқармасының сарапшысы;
– ҚР Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы;
– БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары;
– ҚР Қаржы Министрлігінің Халықаралық қаржылық қатынастар департаментінің директорының орынбасары;
– Атырау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;
2020 жылдан бастап ҚР Энергетика министрлігі стратегиялық және ақпараттық даму департаментінің директоры қызметін атқарды.
Ол қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Айта кетейік, бұған дейін осы салаға жетекшілік еткен Бибігүл Қонысбаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу