БҚО ӘКІМІ: «МЫНАДАЙ ҚАРҚЫНМЕН БІЗ ДӘРІГЕРЛЕРСІЗ ҚАЛУЫМЫЗ МҮМКІН»
БҚО әкімі Ғали Есқалиев фейсбуктегі парақшасында облыстағы коронавирус жағдайы бойынша жазба қалдырды.

«Бүгінде облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбейіп келеді. Түгел отбасы, ұжым болып ауру жұқтырған жағдайлары көптеп тіркелуде. Ауруханаларда қазірдің өзінде 200-ге жуық адам ем алып жатыр. Вирустың қауіптілігі соншалық, ауру жұқтырғандар арасында пневмонияға шалдыққандар саны өсуде. Арнайы оттегімен 58 адам дем алып жатса, өкпені жасанды желдету аппаратына 2 адам қосылған. Дәрігерлердің айтуынша, халық қызметркерлері арасында вирус қоздырғышы бар, бірақ аурудың айқын белгілері жоқ адамдар көп. Оларда дене қызуы, жөтел және т.б. ауру белгілері жоқ. Бірақ, олар иммунитеті әлсіз адамға жұқтыруы мүмкін. Яғни, облыста вирустық инфекцияның таралуы қарқын алғанын байқауға болады. Бірақ көп адамдар үйде емделіп, медициналық қызметкерлерге уақытылы жүгінбей жүр. Ауруханаға жатудан бас тартатын вирусты жұқтырған азаматтар да кездеседі. Нәтижесінде бәрі ауруханаға коронавирустың асқынған түрімен түседі. Жұқпалы аурулар ауруханасында жатқандардың ішінде әр түрлі жастағы адамдар, оның ішінде балалар да бар» – деп жазды Ғали Нәжімеденұлы.
Өңір басшысы ауруханаларда орын тапшылығы болғандықтан басқа ауруханалардың босатылып жатқанын жазды. Бұл басқа ауруларға, мысалы, жүрек ауруларына, қан қысымын емдеуге арналған жоспарлы шаралар мен операциялар азаятынын білдіреді. Сондай-ақ облыс басшысы медицина қызметкерлеріне күш түсіп отырғанын атап өтіп, тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.
«Біздің дәрігерлер мен олардың көмекшілеріне, жүргізушілер мен санитарларға үлкен күш түсіп отыр. Олардың басым көпшілігі бірнеше ай бойы балаларын құшағына алып, отбасыларымен жүздеспеген. Қымбатты жерлестер, мынадай қарқынмен біз дәрігерлерсіз қалуымыз мүмкін. Егер тұрғындар сақтық шараларын сақтамай, одан әрі тойлар, ұжымдық кездесулер өткізе берсе, қатаң шектеу шараларын қайтадан енгізуге мәжбүр боламыз. Мен барлық облыс тұрғындарынан барлық сақтық шараларды сақтауды, көп адамдар жиналатын жерлерге бармауды, іс-шаралар, тойлар мен садақаларды өткізбеуді, сатушылардан, автобус жүргізушілерінен қорғаныс шараларының (маскалар, антисептиктер және т.б.) сақталуын және соңғы аялдамаларда автобустарды дезинфекциялауды талап етуді, шағын отбасылық жиындарды үйде емес, ашық жерде, сыртта өткізуді сұраймын. Кәсіпорындар мен шағын орта бизнес иелерінен мүмкіндігінше өз қызметкерлерін қашықтықтағы жұмысқа ауыстыруды сұраймын. Кейбір мекеме ұжымдарында жаппай ауру жұқтырған фактілері де кездесіп отыр. Сол себепті мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің 70% қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеуге ауысты. Аурудың таралуы төмендемесе, дәрігерлердің тапшылығы пайда болуы мүмкін«, – деді облыс әкімі.
Ғали Есқалиевтің жазуынша, қазіргі уақытта жеке секторда жұмыс жасайтын медбикелер, санитарлар, рентгенологтар, анестезиологтар және т.б. мамандардың көмегі қажет. Егер көмектесуге дайын мамандар болса, 87774760377 (Марат Бектемірұлы Хайруллин) WhatsApp нөміріне хабарласса болады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу