8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қараша 2021 1650 0
Қоғам

БҚО ӘКІМІ Ғ.ЕСҚАЛИЕВ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай батысқазақстандықтарды облыс әкімі Ғали Есқалиев құттықтады. «Атамекен» өнер ордасында ұйымдастырылған «Ел тірегі – Елбасы» атты мерекелік концертте өңірдегі кәсіби ұжымдар, аудандардың үздік көркем өнерпаздары және жыл бойы облыстық, республикалық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары өнер көрсетті.

 

Тұңғыш Президент күніне  арналған мерекелік шара қонақтарын әскери оркестрі қарсыалды. Келушілер облыстық Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының және облыстық тарихи-өлкетану музейінің Елбасына арнаған көрмелерін тамашалады. Ал концерттік бағдарлама «Ел басы» театрландырылған қойылымымен ашылды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі  жастар мюзикалық театрының әртістері Нұрсұлтан Әбішұлының жеткіншек шағы, металлургиялық зауыттағы еңбек жолы мен еліміздің Тәуелсіздік мемлекет ретінде жарияланып, Нұрсұлтан Назарбаевтың президент болып сайлануын сахналады.  Қойылым Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған А.Қоразбаевтың «Үшқоңыр» әнінің ырғағында лед-экраннан берілген Елбасының төл туындысы – Есілдің жағасынан бой көтерген астанамыздың  әдемі көрінісімен әдемі үндесіп, жалғасын тапты.

Саханаға  көтерілген БҚО әкімі  Ғали Есқалиев  Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, егемендігімізді бекітіп, еліміздің даму бағытын айқындау жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегіне тоқталды.

– Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, 30 жыл уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын паш етті. Ұлттың қамын ойлайтын, дамудың келешегін болжайтын дана саясат ұсынған Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті экономикасы орнықты елдердің қатарына қосты. Қазақстан әлемде өзінің саяси орнын айқындады. Кешегі тоталитарлық жүйенің түйіндерін шешіп, зайырлы, құқықтық мемлекетке айналды. Бүгінде Қазақстан алдында  үлкен мүмкіндіктер ашылды. Әлемдік аренада біздің ең жақсы қасиеттеріміз көрінуде, біздің еліміз кез келген деңгейдегі мәселелерді шешуде сындарлы диалогты қалайтын еркін және бейбіт мемлекет ретінде танылуда. Тарихта алғаш рет Қазақстанның мемлекеттік шекаралары нақты белгіленіп, халықаралық құқықтық деңгейде заңды ресімделді. Елбасы құрған Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында қоғамдық-саяси жаңашылдықтың нәтижесі және қоғамды біріктірудің пәрменді құралы болып табылатын этносаралық және дінаралық қатынастардың бірегей моделі жұмыс істеуде. Бүкіл елмен бірге біздің өңір де дамып келеді. Батысқазақстандықтардың өмір сүру сапасы жыл сайын айтарлықтай жақсарып келеді деп толық сеніммен айта аламыз. Экономика мен әлеуметтік сала тұрақты дамуда, жаңа өндірістер мен кәсіпорындар ашылуда, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер мен балабақшалар салынуда. Мұның бәрі жерлестеріміздің қажырлы еңбегінің арқасында. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде батысқазақстандықтар табандылық танытып, өндірістік, кәсіпкерлік, ғылыми-білім беру, шығармашылық және басқа да кәсіби салаларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Қазіргі жетістіктер өңір жастары үшін жарқын жасампаз үлгі. Осындай ауқымды өзгерістерге Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамашы және көшбасшы болды. Мұны бүгінгі буын және келер ұрпақ бағалауы керек. Күлтегін бабамыз: «Халқына – бегі, бегіне – халқы сенген ел ұзақ жасайды» деп жазған екен. Еліміздің сан ғасырлар бойы арман-үмітін Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымызбен бірге нағыз ақиқатқа айналдырды, – деді  Ғали Нәжімеденұлы.

Мерекелік концертте Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Арнау» этнофольклорлық ансамблі, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты «Қыз Жібек» термешілер ансамблі, Дина Нұрпейсова атындағы балалар саз мектебінің балалар хоры мен халықтық «Назерке», халықтық «Ақжайық» және «Салтанат», «Шұғыла» би ансамбльдері өнер көрсетіп, дәстүрлі әншілер Ернар Өмірәлі, Айжан Мұхамеджанова, Нұршат Исламғалиев, Кенесарыхан Болғанбаев, баритондар мен сопранолар Ақсұлу Жұмалиева, Эльмира Усаева, Айдана Ажығалиева Айбар Хайырханов, Айбек Тұрарбеков, Тимур Мусин, сондай-ақ Альберт Ғазизжанов Мұратжан Усманов, Медет Оразовтар ән шашуларын тарту етті.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Суреттер БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды. 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
122 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
381 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
640 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
880 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
915 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1068 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1264 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1497 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1585 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1693 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1702 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1731 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1736 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1840 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2060 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2367 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»