8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Желтоқсан 2019 1975 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ӘКІМІ ҒАЛИ ЕСҚАЛИЕВ БАЛҒЫНДАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Салтанат сарайында облыстағы мектеп оқушылары үшін «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты Жаңа жыл мерекесі өтті. Облыстық білім басқармасы мен халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған мерекеге 180 бала қатысты. Балғындарды облыс әкімі Ғали Есқалиев құттықтады.

Мектеп оқушыларына арналған облыстың басты шырша мерекесіне 9 бен 13 жас аралығындағы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, даму мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар санатынан оқу озаттары мен дарынды 180 бала шақырылған. Олардың 126-сы ауылдық елдімекендердің, 30-ы облыстық, 24-і қала мектептерінің оқушылары. Жаңа жыл мерекесіне жиналған балалар ертегі әлеміне түскендей болды. Балғындардың мерекесінде сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлері орталарынан табылды. Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының артистері, сиқыршылар, Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері, би ансамбльдерінің балғын бишілері, мектептен тыс жұмыс орталығының өнерлі оқушылары ұсынған қызықты қойылымдар, әдемі би мен шатты әндер мерекені қыздыра түсті. Шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев те қатысып, балалармен бірге шыршаны айналып, мерекелеріне ортақтасты.

–   Батысқазақстандық балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Бұл барлығы асыға күтетін жарқын мерекелердің бірі. Жаңа жылда армандарымызды айтып, орындалуын күтеміз. Ең бастысы бейбіт аспан астында берекесі сақталған мемлекетте өмір сүрудеміз. Бүгінгі бүлдіршіндеріміз тәуелсіз елмен бірге өсіп, елімізді көркейтуге атсалысады деп сенемін. Ол үшін үлкендердің ақылын тыңдап, жақсы оқуға, шығармашылықпен, спортпен белсенді айналысуға тырысу қажет. Сонда ғана еліміздің бүгінгі жетістіктерін арттыра түсесіздер, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жаңажылдық шыршаға 18 млн. теңге көзделген. Яғни, әр балаға сыйлық үшін 100 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, оқу бағдарламасы жүктелген Bilimbook mini планшеті, кітап және тәттілер берілді.

Жаңажылдық думан аясында өрендер үшін «Дарын» қосымша білім орталығында мерекелік «Жаңа жылдық ғажайып әлем» концерті мен «Көгілдір шырағдан» кеші ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Орал» ойын-сауық орталығында фильм тамашалап, «Happy new year» караоке-сазды кешіне қатысты.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
348 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
449 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
692 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
959 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1183 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1222 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1375 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1568 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1801 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1887 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1999 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2004 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2038 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2038 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2144 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2366 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»