8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қыркүйек 2020 1958 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына Ғабидуллин Асқар Маратұлы тағайындалды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғабидуллин Асқар Маратұлы – 1976 жылы туған. Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін және Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «АӨК саласындағы экономика және басқару», «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

– Ақтөбе қаласының аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, Акционерлік қоғамдар және серіктестіктер бөлімінің аға маманы;

– «Ақтөбе Агро» ЖШС, маркетинг бөлімінің менеджері;

– «Рамазан» ЖШС, коммерциялық бөлімінің менеджері;

– «Спецавтотранспорт» мемлекеттік-коммуналдық АҚ бас инженері;

– Ақтөбе қаласының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының орынбасары;
– Ақтөбе қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары;

– Ақтөбе қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы;

– Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары;

– Ақтөбе облысы бойынша ТЖ жою мен жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы болып қызмет етті.

2017 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті жанындағы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ–ның филиалы (Нұр-Сұлтан қаласы) директоры қызметін атқарды.

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
84 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
130 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
168 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
422 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
444 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»