8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Ақпан 2020 1790 0
Дені сау ұлт

БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА 8 ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫ ТІРКЕЛГЕН

2020 жылдың 20 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.С. Ақмырзаевтың қатысуымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау мен Денсаулық сақтау басқармаларының ұжымдарында кездесу ұйымдастырылды.

Өз кезегінде Р.С. Ақмырзаев «2019 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен денсаулық сақтау саласында 8 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Жалпы, республика бойынша тәжірибе көрсетіп отырғандай, Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды бірнеше топқа бөлуге болады: біріншісі – бұл қаржы-шаруашылық қызметтегі, атап айтқанда дәрілік заттарды, медициналық жабдықтарды, тамақ өнімдерін сатып алу және басқа да сатып алу кезіндегі бұзушылықтар, екінші тобы бақылау-қадағалау және рұқсат беру функцияларын жүзеге асырумен байланысты, үшінші топ біліктілік санатын, мамандарды аттестаттау кезінде сертификаттарды алумен байланысты» деп атап өтті.

Шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызмет барысы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған күдіктілерді ұстау барысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, Р.С. Ақмырзаев қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
47 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»