8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қаңтар 2022 1988 0
Қоғам

БҚО-дан «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезіне ДЕЛЕГАТТАР ТІЗІМІ БЕКІТІЛДІ

«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесінің отырысы аясында партияның ХХІ съезіне 20 делегат сайланды.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты отырыс онлайн-форматта өтті.

Онлайн-отырысқа облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ғали Есқалиев, партия төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева, Орал қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Абат Шыныбеков, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ғылыми-білім беру кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов, «Jas Otan» Жастар қанатының Батыс Қазақстан филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев және Саяси Кеңестің басқа да мүшелері қатысты.

Саяси кеңес мүшелері 28 қаңтарда онлайн форматта өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне делегаттар сайлау туралы мәселе қаралды. Дауыс беру қорытындысы бойынша съезге қатысатын делегаттардың тізімі бекітілді. Делегаттар құрамына партияның Саяси кеңесі мүшелері, партия белсенділері мен жауапты қызметкерлер енді.

Партияның кезектен тыс ХХІ съезіне делегаттар сайланатын аталмыш отырыстар Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалдың баспасөз қызметі

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
80 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
127 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
165 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
420 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»