8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Желтоқсан 2020 2134 0
Жалын

БҚО-ДА «ЖЫЛ ҮЗДІГІ-2020» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Дәстүрлі «Жыл үздігі» премиясы биыл он екінші мәрте тағайындалып, он екі аталым бойынша үздіктерге табыс етілді. Әрі биыл бұл сыйлық  ағымдағы жылдың  «Волонтер жылы» ретінде бекітілуіне байланысты облыс көлемінде волонтерлік қозғалыстың дамуына үлес қосып, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласқан волонтерлар арасынынан таңдалды. Марапаттау 12 желтоқсан күні  өтті. 

Бүгінде елімізде тіркелген волонтерлар қатарында  оқушылар, студенттер, жас мамандар және зейнеткерлер де  бар. Электронды платформаға жыл басында тіркелген волонтерлар 800 адам болса, қазіргі уақытта 10 мыңнан асып отыр. Биыл пандемияның таралуына байланысты волонтерлардың жұмысы оңай болған жоқ. Осы ретте жыл қорытындысында  олардың еңбектерінің еленуі заңды. Салтанатты марапаттау рәсімінде  БҚО әкімінің орынбасары  Серік Егізбаев волонтерлардың өлшеусіз еңбегіне  алғыс айтып, жеңімпаздарды құттықтады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеті негізгі және бес қосымша аталым бойынша жарияланған байқауға жалпы 100-ден аса өтініш түскен. Байқау комиссиясының шешімімен әр аталым бойынша 3 үздік үміткер іріктеліп, онлайн дауыс беруге шығарылды. Яғни, онлайн дауыс беру мен комиссия шешімі қорытындысы ескеріліп, жеңімпаздар таңдалды.

Дегенмен, «Birgemiz: Sabaqtastyq» бағыты бойынша «Үздік волонтер» аталымына түскен құжаттар толық болмауына байланысты комиссия «Үздік волонтерлік отбасы» аталымын екі отбасыға табыстау туралы шешім шығарған. Осылайша, бұл аталым бойынша карантин кезінде көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, ардагерлерге азық-түлік, ыстық тамақ, бетперде, ауыз су жеткізуде белсенділікпен көзге түскен Арыстановтар мен  кейінгі бес жыл бойы көмекті қажет еткен жандарға алғашқылардың бірі болып, қол ұшын созып жүрген, соның ішінде биыл 50-ден аса отбасыға арнайы көмек көрсетіп, қазіргі уақытта үш дүкенде тегін нан тарату акциясын ұйымдастырушы Толочко жанұяларына табысталды.

«Үздік күміс волонтер» аталымында «Қазақстанның қызыл жарты ай» қоғамының БҚО бойынша  директоры қызметін атқарушы Светлана Тенишова, ал «Үздік жас волонтер» номинациясында Оралдағы А.Макаренько атындағы №6 орта мектептің 8-сынып оқушысы Альмира Тілекқалиева жеңімпаз атанды. «Үздік волонтерлік қозғалыс» номинациясы  «Орал жастары» волонтерлік ұйымына берілді.  Қиын кезеңде ауданнан түлеп ұшқан түлектерді біріктіруде үндеу тастап оң қадам жасаған, осылайша 2  млн. теңгеден астам қаржы жинап, аудандық қорға табыстаған және ел-жұртты ақпараттандыру, көпшілік орындарда түсіндіру-насихат жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытқан «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті  «БАҚ саласындағы үздік волонтер»  ретінде таңдалды.

«Birgemiz: Taza Alem» бағыты бойынша «Үздік волонтер» аталымы бойынша марапат қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаштар отырғызу, қоқыстарды іріктеуге үйретуде дараланған волонтер Жандос Меңдешұлына табысталды.

Тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауға үлес қосып жүрген волонтерлерді ынталандыру мақсатында тағайындалған «Birgemiz: Asyl Mura» бағыты бойынша «Үздік волонтер»  аталымын археологиялық жұмыстар мен тарихи нысандарды зерттеу, сақтау және қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстарды атқарған Бөрлі ауданындағы №1 орта мектептің  мұғалімі Асылбек Жауынбай жеңіп алды.

«Birgemiz: Qamqor» бағыты бойынша «Үздік волонтер»  аталымында  Әсет Сұлтанұлы марапатқа ие болды. Әсет наурыз айынан бері блокбекеттер мен санитарлық бекеттерде жұмыс жасап жүрген арнайы 60 қызметкерді өз мейрамханасынан ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, өз атынан 1500 отбасыға азық-түлік жеткізіп берген. Оған қоса дәрігерлерді қолдауға бағытталған «Мың алғыс» акциясының қатысушысы, полицейлермен бірлесе жүргізілген «Жақыныңа жанашыр бол», «Абайла, жаяу жүргінші» шараларының ұйымдастырушысы.

Жыл басынан бері Қаратөбе ауданы бойынша жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қаупін төмендету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жүргізілген шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытқан Райымбек Абаев «Birgemiz: Umit» бағыты бойынша «Үздік волонтер»  атанды.

«Birgemiz: Saylyq» бағыты бойынша «Үздік волонтер» сыйлығы 22 жасар Серік Мұқашевқа берілді. Ол ел аумағында  пандемия дендеген кезде өз басын қатерге  тігіп, екі ай көлемінде стационарлық орталықта қызмет атқарған. Сол уақытта стационарларда қызметкерлердің жетіспеушілігі болған еді. Серік медициналық мамандар мен ем алушыларға  қызмет көрсетті. Қазіргі уақытта көпбалалы отбасылар мен саяжай аумақтарының тұрғындарына, қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға  дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізу бойынша  волонтерлік қызметті атқарып жүр.

«Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша «Үздік волонтер» аталымы бойынша жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студенті Тасболат Серікқалиев жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарға диплом мен арнайы статуэтка және 100 мың теңгелік сертификат табысталды.

Сондай-ақ бұл шарада пандемия кезінде белсенділік танытқан бірнеше волонтерға «Халық алғысы» медалі тапсырылды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
28 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
32 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
529 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
607 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
616 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
646 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
661 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1033 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1159 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1194 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1469 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1477 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1608 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1901 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2000 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2025 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2236 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»