8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2021 1504 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 261 БАЛА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

БҚО-да өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 82 жағдайы тіркелді. Жалпы қазіргі уақытта облыстағы инфекциялық ауруханаларда 270 науқас ем алуда.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы аптада  440 адамнан коронавирустық инфекция анықталды. Пневмония белгілерімен 252  науқас стационарлық, 42 адам амбулаторлық ем алуда. 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына. 7 адам оттегі концентраторына, 63 науқас орталықтандырылған оттегіге қосылған.

Облыстағы жеті инфекциялық стационарда 591 төсек орын бар. Қазіргі уақытта 270 науқас ем алуда. Толымдылығы 45,7 пайыз. Карантиндік стационарларға 4 адам орналастырылды.  Реанимациялық төсек орын саны  – 62. Бүгінгі  күні 19 науқас реанимациялық ем алуда.  Қосымша 1986  төсек орын дайындалды. Олардың 1221 – инфекциялық, 765-і  карантиндік орындар.

Бүгінге дейін студенттер мен мектеп жасына дейінгі балаларды жұқтырудың 466 жағдайы анықталды. Оның ішінде жыл басынан бері 261 жағдай тіркелген. Анықталғандай, олардың бәрі отбасы мүшелерінен жұқтырған. 

Айта кетейік, қазір облыс «сары» аймақта. Бүгінге дейін коронавирустың 12 169  жағдайы тіркелді. Олардың 6 890-ы – ауру белгілерімен болса, 5 879 -ы симптомсыз.  10 283 адам сауығып шықты, өкінішке орай 199 адам көз жұмды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»