8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Ақпан 2021 1616 0
Өзек

БҚО-ДА ЖОЛ-КӨЛІК АПАТЫНАН 6 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Қайғылы жағдай бүгін, 22 ақпан күні  Атырау-Орал тасжолының бойында Ақжайық ауданының Атамекен және Алмалы ауылдарының аралығында болған.  Оқиға туралы ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал.қ) күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына хабар түскен. 

Атырау-Орал тасжолының 259 шақырымында «Лада Приора» және «Тойота Королла» маркілі 2 көлік соқтығысқан.  Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 ер адам мен 4 әйел жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. БҚО ТЖД құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен марқұмдардың денесін көліктен алып шықты.

Ал «Тойота Королла» автокөлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ақжайық ауданындағы Тайпақ ауылдық ауруханасы жеткізілген 1978  жылғы азаматтың жақ сүйектері сынған, іш қуысына  зақым келген.

БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері БҚО аумағында 29 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаты салдарынан 14 адам қайтыс болды, 61 адам жарақат алды. Осы ретте Полиция қызметкерлері  жүргізушілерден қозғалыс кезінде  мұқият болуды, жылдамдықты, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
18 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
72 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
267 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»