8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2019 2199 0
Өзек

БҚО-ДА ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облысында 10 күн ішінде таиғатты қорғау заңнамасын бұзған 81 азамат жауапкершілікке тартылды.

Браконьерлік бүгінде экологиялық қылмыстардың ең көп таралған түрі. Полицейлердің сөзінше, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардың жолын кесу мақсатында өткізіліп жатқан рейдтік іс-шараларға қарамастан халық арасында браконьерлік, яғни қолдануға болмайтын қарумен және тыйым салынған кезеңдерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдалану тыйылмай келеді.

Мәселен, 25 ақпан мен 7  наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысы Полиция департменті жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы бөлімінің басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе жүргізген «Браконьер» жедел алдын алу шарасы кезінде 81 құқық бұзушы ұсталып, жауапқа тартылған. Олардың сегізі – қылмыстық жауапқа тартылып отыр. Дәлірек айтқанда, үш тұлға ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-ншы бабы «Ағаштарды заңсыз оталағаны үшін», бесеуі  Кодекстің 335-нші бабы «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, өсімдіктерін заңсыз алғаны үшін» жауапқа тартылуда. Ал 73 заңбұзушы Әкімшілік-процессуалдық кодекстің 382-бабымен, яғни аңшылық ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

Олардан 16 келі бекіре тұқымдас балық пен 300 келі балық түрлері және 43 дана құрма ау тәркіленген.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
46 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»